СЫНДАРЛЫ ПІКІР АЛМАСУ
Шығыс Қазақстан облысы оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының жұмыс жоспарына сәйкес, Тарбағатай аудандық білім беру ұйымдары қызметкерлері кәсіподағының жұмысын тиімді жүзеге асыру мақсатында көшпелі тексеру ұйымдастырылды. Аталмыш тексеру аясында арнайы жұмыс тобы мектеп директорларымен, кадр мамандарымен және бас бухгалтерлермен кездесу өткізіп, өзекті мәселелерді талқылады.
Жұмыс тобының негізгі мақсаты – Тарбағатай аудандық кәсіподақ ұйымының жергілікті бюджеттік ұйымдардағы жұмысын бағалау, оның тиімділігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету және қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауда атқарып жатқан рөлін тереңірек түсіну болды. Кездесу барысында жұмыс тобының мүшелері жергілікті кәсіподақ ұйымының атқарып жатқан жұмыстарына қатысты бірқатар маңызды сұрақтар қойып, жекелеген жағдайларға тоқталып өтті. Еңбек заңнамасына сәйкестігі және қызметкерлердің құқықтық мәселелерін шешудегі кәсіподақтың рөлі қарастырылды.
Кездесу сындарлы пікір алмасу форматында өтті, қатысушыларға ашық сөйлеуге және нақты ұсыныстар айтуға мүмкіндік берді.
Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы
-
Фото
-