ЕҢБЕК АДАМЫ
Қоғамда адал еңбегімен көпке үлгі болып жүрген жандар аз емес. Солардың бірі – саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған байғаниндік ұлағатты ұстаз, тәжірибелі педагог Кенжегүл Бахитқызы Жұбанова.
Кенжегүл Жұбанова - 1965 жылдың 17 ақпанында Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Мамандығы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Еңбек жолын 1986 жылы №3 Қарауылкелді орта мектебінде бастаған ол бүгінгі күнге дейін осы білім ордасында табысты қызмет атқарып келеді. Педагогикалық өтілі – 40 жылдан асады. Осы уақыт ішінде ол өзін білікті маман, шебер ұстаз ретінде таныта білді.
Ұстаздық – үлкен жауапкершілікті, зор төзімділікті талап ететін қасиетті мамандық. Кенжегүл Жұбанова осы жолда талай шәкірттің жүрегіне білім шырағын жағып, оларды адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеп келеді. Оның әр сабағы – шәкірт санасына сәуле құятын тағылымды дәріс, ал әрбір тәлім-тәрбиесі – өмірге бағыт беретін өнеге.
Ұзақ жылғы еңбегінің нәтижесінде тәрбиелеген шәкірттері өмірдің әр түрлі саласында өз орнын тауып, ел игілігі жолында еңбек етіп жүр. Бұл – ұстаз еңбегінің жемісі, адал қызметінің айқын көрінісі.
Осындай еңбек адамдары – қоғамның тірегі, елдің болашағын қалыптастыратын тұлғалар. Кенжегүл Жұбанова сынды ұстаздардың еңбегі әрдайым құрметке лайық.