БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ РӨЛІ
17 наурызда Петропавл қаласында Салалық кәсіподақтың Орталық аппаратының жұмыс жоспарына сәйкес «Еңбек қатынастарын реттеудегі әлеуметтік әріптестіктегі салалық келісімнің рөлі» тақырыбында білім беру жүйесіндегі әлеуметтік әріптестік мәселелеріне арналған семинар өтті.
Іс-шараға салалық кәсіподақтың Орталық аппаратының бас мамандары А. Бектабанов және И. Сақауова, облыстық комитет филиалдарының және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, сондай-ақ облыстық комитет аппаратына тікелей бағынысты ұйымдардың жетекшілері мен аппарат қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіподағының төрағасы Б.Аюпов әлеуметтік әріптестіктің тиімді ұйымдастырылуы кәсіподақ мүшелерінің еңбек жағдайын жақсартуда нақты оң нәтижелер беретінін атап өтті.
А. Бектабанов семинар тақырыбы бойынша жан-жақты ақпарат ұсынып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, оларды ұжымдық келісімдер мен бірлескен бастамалар арқылы шешу жолдарын қарастырды.
Ғ. Мүсірепов атындағы аудандық филиал төрағасы Қ. Мұқышев пен Мағжан Жұмабаев аудандық филиалының төрағасы Н.Пащенко өз тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіподақтардың педагогтармен және білім беру органдарымен өзара іс-қимылы туралы баяндады.
Семинарда әлеуметтік әріптестік тараптары арасындағы диалог пен сындарлы ынтымақтастықтың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Тиімді әріптестік қызметкерлердің құқықтарын қорғаумен қатар, білім беру сапасын арттыруға ықпал ететіні айтылды.
И. Сақауова кәсіподақ оқуының ұйымдастырылуы жөнінде ақпарат беріп, кәсіподақтық оқытудың жаңа тұжырымдамасына шолу жасады.
Семинардың мақсаты – еңбек жағдайларын жақсарту және кәсіби ынтымақтастықты нығайту үшін білім беру қызметкерлері мен әкімшілік арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін талқылау.
Қатысушылар мұндай іс-шаралардың тәжірибе алмасу, кәсіби байланыстарды дамыту және өңірлік білім беру стратегиясын қалыптастырудағы маңызын атап өтті.
Шара Петропавл қаласындағы №8 орта мектеп базасында өтті. Мектеп ұжымына, жетекшісі А.Ф. Уәлиеваға семинарды ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіреміз.
Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы
-
Фото
-