ВОЛЕЙБОЛДАН АЙМАҚТЫҚ ОЙЫН
Шығыс Қазақстан облысы жергілікті кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Самар ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған XIII аймақтық спартакиада аясындағы волейболдан аймақтық ойыны өтті.
Сайысқа облыс білім саласындағы 5 аудандық кәсіподақ ұйымының командалары қатысып, өздерінің шеберліктері мен ұйымшылдықтарын жоғары деңгейде көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңіс тұғырына келесі командалар көтерілді:
1-орын - Күршім аудандық кәсіподақ ұйымының командасы;
2-орын - Алтай аудандық кәсіподақ ұйымының командасы;
3-орын - Марқакөл аудандық кәсіподақ ұйымының командасы.
Ал, 4-орынды Самар, 5-орынды Үлкен Нарын аудандық кәсіподақ ұйымдарының командалары иеленді. Барлық жүлдегерлер облыстық кәсіподақ ұйымының дипломымен және сертификаттармен марапатталды.
Салтанатты іс-шара соңында облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы
Н.Қасенова барша қатысушыларға алғыс білдіріп, аймақтық ойындардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.
Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы
-
Фото
-