ЫРҒЫЗДЫҚ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ШИПАЛЫ САПАР
Ақтөбенің Ырғыз аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен аудан мұғалімдері мен білім саласының бір топ қызметкері көктемгі демалысты тиімді пайдаланып, еліміздің бірқатар шипажайларында тынығып, ем қабылдады.
Атап айтқанда, демалушылар Жамбыл облысындағы «Мерке», Сарыағаш өңіріндегі «Айсары», Қостанайдағы «Сосновый бор» және Алға ауданындағы «Шипагер» шипажайларында болып, денсаулықтарын нығайтуға мүмкіндік алды.
Шипажайларда олар түрлі сауықтыру шараларынан өтіп, табиғи ем-дом қабылдады.
Кәсіподақ ұйымының бұл қолдауы ұстаздарға көрсетілген үлкен қамқорлықтың бір көрінісі. Демалыс пен емді ұштастырған сапар қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, жаңа күш-жігермен жұмысқа оралуына мүмкіндік берді.
-
Фото
-