ОЙЫЛДЫҚ ҰСТАЗДАРДЫҢ КӨКТЕМГІ ДЕМАЛЫСЫ ОЙДАҒЫДАЙ ӨТТІ
Ақтөбенің Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының мүшелері үшін көктемгі демалыс ерекше әрі есте қаларлық болды. Білім қызметкерлері демалыстарын “Айсары”, “Юкон” және “Шипагер” шипажайларында өткізді.
Бұл сапар тек демалыс қана емес, сонымен бірге бір-бірімен тәжірибе алмасуға, достық қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ денсаулықтарын күшейтуге арналған мүмкіндік болды. Табиғат аясында серуендеу, таза ауа мен шипажайдың емдік процедуралары әрбір қатысушыға сергектік пен қуаныш сыйлады.
Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының мүшелері осындай демалыстардың болашақта да дәстүрге айналуын қалайтынын айтып өтті. Бұл іс-шара білім саласындағы қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыруға және ұйымішілік достықты одан әрі нығайтуға бағытталған.
-
Фото
-