МӘРТӨК МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӨКТЕМГІ ДЕМАЛЫСЫ
Мәртөк аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен аудан мұғалімдері мен білім саласының бір топ қызметкері көктемгі демалыстарын тиімді әрі мазмұнды өткізді. Олар Алға ауданындағы “Шипагер” шипажайында тынығып, денсаулықтарын нығайтып қайтты.
Аталған игі шара – ұстаздарға көрсетілген құрмет пен қамқорлықтың айқын көрінісі. Күнделікті тынымсыз еңбекте жүретін білім саласы қызметкерлері үшін мұндай демалыстың маңызы зор. Шипажайда демалушылар арнайы емдік шаралардан өтіп, таза ауада серуендеді.
Көктем мезгілінде ұйымдастырылған бұл демалыс ұстаздардың күш-жігерін арттырып, келесі оқу кезеңіне тың серпін сыйлады. Әріптестер бір-бірімен тәжірибе алмасып, рухани тұрғыда да байып қайтты.
Кәсіподақ ұйымының бұл бастамасы – білім саласы қызметкерлеріне деген жанашырлық пен құрметтің жарқын үлгісі.
-
Фото
-