ЕҢБЕК АДАМЫ
Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін, қоғамның дамуына тікелей ықпал ететін аса маңызды тұлға. Осындай абыройлы мамандық иелерінің бірі – Ертілеуов Шульга Құбайдоллаұлы.
Ертілеуов Шульга Құбайдоллаұлы — 1987 жылдан бастап Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келеді. Еңбек өтілі 40 жыл. Ол өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын, белсенді, шығармашыл әрі кәсіби біліктілігі жоғары ұстаз.
Ұстаздың басты мақсаты – оқушылардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, оларды спортқа баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Осы бағытта ол оқушылардың мектепішілік, аудандық және облыстық жарыстар мен түрлі турнирлерге қатысуына үнемі ықпал етіп келеді. Нәтижесінде оның шәкірттері аудандық, облыстық, тіпті республикалық деңгейде жүлделі орындарға ие болып, мектеп абыройын асқақтатуда.
Шульга Ертілеуов тек ұстаз ғана емес, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласатын жан. Ол кәсіподақ мүшесі ретінде әріптестері арасында сыйлы, ал оқушылар мен ата-аналар тарапынан үлкен құрметке ие.
Ұстаздың еңбегі елеусіз қалған емес. Ол бірқатар марапаттардың иегері. 2020 жылы аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасына ие болды. 2016 жылы облыстық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен және 2023 жылы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар облыстық және аудандық кәсіподақ ұйымының алғыс хаттары мен сертификаттарына ие болды. 2023–2025 жылдары аудандық спартакиадаларда жүлделі орындарды иеленді. Волейбол, шаңғы және шахмат бойынша түрлі турнирлер мен олимпиадалардың жүлдегері атанды.
Ертілеуов Шульга Құбайдоллаұлы осындай ұзақ жылдық тәжірибесі мен тынымсыз еңбегінің арқасында өз саласының нағыз майталманына айналып, шәкірттерінің жүрегінен орын алған ұлағатты ұстаз.