ҚОБДА ҰСТАЗДАРЫ ШИПАЖАЙДАН ЖАҢА КҮШПЕН ОРАЛДЫ
Ақтөбе облысының Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен білім саласы қызметкерлері денсаулығын күту мақсатында дәстүрлі түрде шипажайға жіберіледі. Көктемгі демалыста кәсіподақ мүшелері Сосновый бор, Шипагер және Юкон шипажайларында ем қабылдады.
Аталған шипажайдағы емдік процедуралар мен таза ауадағы тынығу ұстаздардың көңіл-күйін көтеріп, олардың кәсіби белсенділігіне серпін берді. Кәсіподақ ұйымы бұл мүмкіндікті тек денсаулықты қалпына келтіру үшін емес, ұстаздарға тынығып, жұмысқа шабытты оралуға жағдай жасау үшін ұйымдастырды.
Аудандық кәсіподақ үшін ұстаздардың денсаулығы мен жайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі. Тоқсан сайын ұйымдастырылатын бұл дәстүр білім саласы мамандарына сенімді қолдау болып, олардың рухани және физикалық дамуына да зор үлес қосуда.
Қобдадағы ұстаздар осындай мүмкіндік үшін кәсіподаққа ризашылықтарын білдіріп, алған әсерлерін әріптестерімен бөлісіп қайтты.
-
Фото
-