СПОРТ САЙЫСЫ АЛАҢЫНДА - МҰҒАЛІМДЕР
Абай облысы Жаңасемей ауданының білім бөлімі және Салалық кәсіподақтың Абай облыстық ұйымының Жаңасемей аудандық комитеті 27 наурыз күні мұғалімдер арасында "Жаңасемей-2026" атты волейболдан аудандық жарыс өткізді.
Жарыс қорытындысы бойынша l, ll, lll орын алған командалар дипломдармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды. "Үздік ойыншы", "Үздік шабуылшы", "Үздік қорғаушы" қосымша номинацияларымен де марапаттау болды.
Жаңасемей аудандық комитетінің төрағасы Ақылбек Тасжүреков аудандық волейбол жарысына қатысқан мұғалімдерге алғысын білдіріп, жеңімпаздарға филиал атынан ақшалай сыйлықтар мен дипломдар табыстады.