«МЕРЕЙЛІ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
Абай облысында білім беру саласының ең ауқымды әрі инновациялық жобасы-«Мерейлі ұстаз» облыстық байқауы өтті.
Бұл байқау тек кәсіби жарыс емес, бұл- мұғалімдердің мәртебесін асқақтатып, заманауи технология мен ұлттық құндылықты ұштастырған біргей алаң.
Байқаудың басты мақсаты –педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттырып, әдістемелік қолдау көрсету, оқу үрдесіне инновациялық технологияларды, соның ішінде Жасанды Интеллектіні енгізуді насихаттау.
Ұстаздарымыз екі күрделі кезеңнен өтіп, «Ұстаз шеберханасында» ЖИ құралдарын пайдалана отырып, виртуалды кабинеттерімен таныстырды. Сонымен қатар, Хакім Абайың «Толық адам» ілімін сабаққа енгізу арқылы ұрпақ тәрбиесіндегі жаңашыл тәсілдерін ТЕDх форматында қорғап шықты.
Жүлделі орындарға келесі мұғалімдер ие болды:
І орын: Жанар Дүйсембаева(Жаңасемей ауданы).
ІІ орын: Еркежан Нағашбекова (Аягөз ауданы);
ІІ орын: Мақсат Еркінов (Ақсуат ауданы).
ІІІ орын: Нағима Қауысқызы (Семей қаласы);
ІІІ орын: Елдербек Кенжебаев (Жарма ауданы).
Конкурс жеңімпаздарына Салалық кәсіподақтың Абай облыстық ұйымы шипажайға, демалыс орындарына жолдама, ақшалай сыйлықтар табыс етті.
Абай облыстық ұйымы
-
Фото
-