ВОЛЕЙБОЛДАН АЙМАҚТЫҚ ОЙЫН ҚОРЫТЫНДЫСЫ
31 наурызда ШҚО Ақжар ауылы, Тарбағатай ауданында, XIII спартакиада аясындағы волейболдан үшінші аймақтық ойыны өтті. Бұл мерекеге облыстық білім саласындағы төрт аудандық кәсіподақ ұйымының командалар қатысты.
Жарыс додасының нәтижесінде:
І орын: Тарбағатай аудандық кәсіподақ ұйымының командасы,
ІІ орын: Зайсан аудандық кәсіподақ ұйымының командасы,
ІІІ орын: Катонқарағай аудандық кәсіподақ ұйымының командасы,
ІV орын: Риддер қалалық кәсіподақ ұйымының командасы иеленді.
Барлық жүлдегерлер облыстық кәсіподақ ұйымының дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды.
Енді алдағы финалдық ойындардың маңызы ерекше. 2026 жылдың 30 сәуір күні өтетін бұл тартысты кездесулерде ең мықты волейболшылары анықталады. Күршім, Алтай, Өскемен, Ұлан, Тарбағатай, Зайсан командаларының қатысуы, финалдық ойындардың жоғары деңгейде өтетінін айғақтайды.
Осыған байланысты, барша кәсіподақ мүшелерін, спорт жанашырларын осы маңызды спорттық мерекеге белсенді қатысуға, өз командаларын қолдауға шақырамыз. Бірлесе отырып, волейболдың дамуына, салауатты өмір салтының насихатталуына және аудандық кәсіподақ ұйымдары арасындағы достықтың нығаюына атсалысайық. Финалдық ойындар мерекелік көңіл-күймен, жоғары деңгейде өтіп, жеңімпаздар лайықты марапатталатынына сеніміз.
Әрбір кездесу стратегияға, шеберлікке, төзімділікке толы болары белгілі. Бұл тек спорттық айырықша ғана емес, сонымен қатар аудандық кәсіподақ ұйымдарының беделін айқындайтын маңызды кезең.
Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы