БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫ БАҚ СЫНАСТЫ
31 наурыз күні Абай облысында «Табысты менеджер» облыстық байқауы өтті
Байқаудың мақсаты - орта білім беру ұйымдарындағы көшбасшылық әлеуетті анықтау, қолдау және облыстағы білім беру ұйымының озық инновациялық менеджментін насихаттау.
Конкурс барысында 17 қатысушы «Білім беру менеджментіндегі менің инновациям» бөлімінде басқару жүйесіндегі жобаларын TEDx форматында қорғап, «Табыс формуласы» кейстерін шешуде өз тәжірибесінен нормативтік-құқықтық құжаттар негізіндегі тиімді басқару шешімдерін, педагогикалық ұжыммен сындарлы өзара әрекеттесуде кәсіби құзыреттіліктерін көрсетті.
Қазылар алқасы жобаны таныстыру мәдениетіне, идеяның бірегейлігі мен мазмұнына, практикалық маңыздылығына аса мән берді.
Конкурс нәтижесі:
І орын - А. Телжанова (Үржар ауданы, Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектебінің директоры);
ІІ орын - Ә.Анкебаева(Аягөз ауданы, қалалық қазақ мектеп-лицейі директорының орынбасары)
ІІ орын - Ж.Дюсюпова (Көкпекті ауданы, Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі директорының орынбасары);
ІІ орын - Ж.Аязбаева(Семей қаласының № 6 гимназиясы директорының орынбасары);
ІІІ орын - Ш.Баяхметова (Семей қаласы, Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы директорының орынбасары)
ІІІ орын - А.Қанапьянов (Жарма ауданы, Салқынтөбе негізгі мектебінің директоры)
ІІІ орын - А.Садыбекова (Абай ауданы, Жалпы орта білім беретін мектебінің директоры)
Жүлдегерлерге әдістемелік орталықтың І, ІІ, ІІІ Дәрежелі Дипломдары және Абай облысының оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының қолдауымен І орынға - шипажайға, ІІ орынға Алакөл демалыс орнына жолдама, ІІІ орынға ақшалай сыйақы табысталды.
Абай облыстық ұйымы
-
Фото
-