ЫРҒЫЗДАҒЫ МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында білім беру саласының жай-күйін зерделеу және педагогикалық ұжымдармен тікелей байланыс орнату мақсатында аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Қасымхан Әбенов пен аудандық білім бөлімінің басшысы Қасымжомарт Мырзағали бірқатар елді мекендерді аралады.
Іссапар барысында олар Қалыбай, Қарақұдық, Қарасай ауылдарындағы негізгі орта мектептерде, “Еркетай” балабақшасында және Құмтоғай жалпы білім беретін орта мектебінде болды. Әр білім ордасында басшылар педагогикалық ұжымдармен кездесіп, оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылуы, мұғалімдердің еңбек жағдайы мен әлеуметтік мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Кездесулер барысында кәсіподақ мүшелері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты ұсыныстарын жеткізді. Әсіресе кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік жағдайы, еңбек құқықтары, жұмыс жүктемесі және білім беру сапасын арттыру мәселелері сөз болды. Сонымен қатар, кейбір білім беру ұйымдарында штаттық бірліктердің жетіспеушілігі мәселесі де көтерілді. Өз кезегінде жауапты тұлғалар қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, көтерілген мәселелерді назарға алатынын жеткізді.
-
Фото
-