ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, оқушылардың денсаулығын нығайту мен салауатты өмір салтын қалыптастыруды басты мақсат ететін білікті маман. Ол оқу-тәрбие процесін жоғары деңгейде ұйымдастырып, сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана біледі.
Сыздықов Қайролла Қалиұлы С.Сәдуақасов атындағы Ұялы орта мектебінде 40 жыл ұстаздық қызмет етуде. Ұжымда сыйлы, жауапты әрі ұйымдастырушылық қабілеті жоғары тұлға. Кәсіподақ жұмысына да белсенді қатысатын ұжым мүшесі.
Оқушылар арасында беделге ие, талапшыл әрі әділ ұстаз ретінде ерекшеленеді.
Ұстаздың басты жетістіктерінің бірі- оқушыларды салауатты өмір салтына баулу. Ол тек сабақ үстінде ғана емес, сыныптан тыс уақытта да түрлі спорттық іс-шаралар, жарыстар, эстафеталар ұйымдастырып, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырады. Соның нәтижесінде көптеген шәкірттері аудандық, облыстық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған.
Білім нәрімен сусындатқан ұлағатты ұстаздарды шәкірттері әрдайым мақтан тұтары сөзсіз! Қажырлы ерен еңбектің арқасында шәкірт жүрегінен жол таба білген ұстаз болу – қандай бақыт.
Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы