ЕҢБЕК АДАМЫ
📑Ұстаз – тек пәнді оқытушы ғана емес, жас ұрпаққа саналы тәрбие беріп, олардың болашағын қалыптастыратын жетекші, осы жолда үлгілі ұстаздардың бірі – Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сейтмағұлова Света Жексенқызы.
📚 Света Сейтмағұлова — 1964 жылы 5 желтоқсанда Саралжын ауылында дүниеге келіп, 1989-1990 оқу жылынан бастап мектепте 35 жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп келеді. 1990-1994 жылдары тәрбие ісінің орынбасары, ал 1994 жылдан 2021 жылға дейін оқу ісінің орынбасары қызметін атқарды.
☑️Света Сейтмағұлова оқушыларға орыс тілі пәні бойынша сапалы білім беріп, олардың шығармашылығы мен ізденісін дамытуға ерекше мән береді, шәкірттері аудандық және облыстық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр, оның еңбегі жас ұрпаққа саналы тәрбие берудегі және білім сапасын арттырудағы өлшеусіз үлесімен бағаланады.
📜Оның жетістіктері де мол, 2001, 2003, 2011 және 2021 жылдары облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. 2019 және 2021 жылдары ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, 2016 жылы Аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты, 2017 жылы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Алғыс хаты, 2021 жылы Облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы мен шипажайға сертификаты, 2024 жылы Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хаты берілді.
◽️ Сейтмағұлова Света Жексенқызы – шәкірттерге тек білім беріп қана қоймай, олардың тұлға ретінде дамуына, ізденімпаздыққа және шығармашылыққа ынталандыратын үлгілі ұстаз, оның ұзақ жылғы тәжірибесі мен қажырлы еңбегі әріптестері мен оқушылары үшін өлшеусіз үлгі болып табылады.
Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-