«KASIPODAQ KERUENI» ЖОБАСЫ
2023 жылғы 6 қаңтарда Ақтоғай ауданының білім беру ұйымдарының педагогтары арасында облыстық «KASIPODAQ KERUENI» атты кәсіподақ жобасының кезекті кезеңі өтті. Жоба қоғамдық бірлестік филиалдарының кәсіподақ қызметін одан әрі жаңғырту, кәсіподақ жұмысындағы бағыттарды жетілдіру, озық тәжірибені енгізу, жобаларды басқаруды жүзеге асыру, жас мұғалімдер мен бастауыш кәсіподақ төрағаларының кәсіби біліктілігін арттыру, олардың коммуникативті дағдыларын дамыту және қызметкерлердің кәсіподақ мүшелерінің корпоративтік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Аймақтық ақпараттық-түсіндіру іс-шарасының кешенді бағдарламасы үш негізгі модульден тұрды: «Жас ұстаз – Жаңа кәсіподақ» жастар форумы; Қоғамдық қабылдау жұмысы және Ақтоғай ауданындағы бастауыш кәсіподақ ұйымына бару.
Бірінші модуль – «Жас ұстаз – Жаңа кәсіподақ» атты жастар форумы Ақтоғай ауылының Абай атындағы мектебінде өтті. Шараға Ақтоғай аудандық білім бөлімінің басшысы Кунакова Ольга Анатольевна қатысты. Ольга Кунакова облыста жастар саясатын жүзеге асырудың маңыздылығын және жас мұғалімдердің кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі зор екенін атап өтті. Пленарлық бөлімді Павлодар облыстық ұйымының оқу-әдістемелік және кадр жұмысы жөніндегі бас маманы Арынова Алма Файзрахманқызы ашты. Өзінің құттықтау сөзінде Алма Арынова әріптестерін Жаңа жыл мерекелерімен құттықтап, форумға қатысушылардың назарына KASIPODAQ KERUENI жобасының негізгі мақсаттары мен міндеттерімен таныстырып, облыстық кәсіподақ жобасын жүзеге асырудағы өзектілікке аударды. Облыстық Жастар кеңесінің төрайымы, Павлодар қаласындағы N43 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абильдинова Айнұр Еркінқызы Қоғамдық бірлестік жанындағы облыстық Жастар кеңесінің негізгі қызметі мен іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысу туралы айтып өтті. Мұнан соң «Әлеуметтік серіктестік – өзара іс-қимыл синергиясы» атты бейнефильм көрсетілді, онда үздік әлеуметтік серіктестер мен «Үздік ұжымдық шарт – 2022» республикалық байқауының облыстық турының жеңімпаздары көрсетілді. Айта кету керек, бейнефильмде әлеуметтік әріптестік аясында жас мұғалімдерге әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер беру сәттері көрсетілді, бұл жас мамандарды қызықтырғаны сөзсіз.
Пленарлық бөлім аяқталғаннан кейін жас мұғалімдер фокус-топтардың жұмысына белсенді қатысты. Шығармашылық менеджмент Павлодар облысы және Ақтоғай ауданының Жастар кеңесінің мүшелері модераторлық еткен бес негізгі жаттықтырушыдан тұрды:
1. "KASIPODAQ - жастардың болашағы!" - Садық Байтемір Нұрланұлы, Павлодар қаласы N16 мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі; Ертіс ауданы білім бөлімінің N3 Ертіс орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бусурманов Азат Арманұлы; Қажкенов Әділет Жұмагелдіұлы, Ертіс ауданы білім бөлімі Максим Горький атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі;
2. «Skillbox – кәсіподақ жетекшісінің қарым-қатынас өнері» - Павлодар қаласы N 43 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абильдинова Айнұр Еркінқызы, ҚБ жанындағы облыстық Жастар кеңесінің төрайымы; Ақсу қаласы N7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Есенбаева Фариза Қайыпназарқызы;
3. «KASIPODAQ – жетістік траекториясы» - Павлодар қаласы № 33 орта мектебінің қосымша білім беру пәнінің мұғалімі Теміржанов Нұрғиса Талғатұлы; Ақсу қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Сапарғалиев Расул Мырзахметұлы;
4. WORLD CAFÉ "KASIPODAQ LOW" - Ботагөзова Гүлдана Саматқызы, Екібастұз қаласы мемлекеттік білім беру бөлімінің мектепке дейінгі және орта білім беру секторының әдіскері; Құсан Еркін Аманкелдіұлы, Екібастұз қаласы оқу-сауықтыру кешенінің қосымша білім беру мұғалімі;
5. Кәсіподақ пікірсайысшылар клубы «Кәсіподақ – ұстаз қорғаны болып табылады!». - Сматаев Жамбыл Қайратұлы, Ақтоғай ауданы білім бөлімінің Махмет Қайырбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі; Шарипов Темірлан Серікұлы, Ақтоғай ауданы білім бөлімінің Махмет Қайырбаев атындағы орта мектебінің көркемсурет пәні мұғалімі; Файзрахман Ерасыл Равхатұлы, Ақтоғай ауданы білім бөлімі Махмет Қайырбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Осы ретте Павлодар облыстық ұйымының құқыықтық мәселелер бойынша бас маманы Жаркенова Гүлшат Оралқызы модераторлық еткен «Кәсіподақтың Қоғамдық қабылдауы» өз жұмысын бастады. Гүлшат Жәркенова атап өткендей, қоғамдық қабылдауға 9 кәсіподақ мүшесі жүгінген.
Өтініш берушілер білім беру ұйымдарының техникалық қызметкерлеріне сауықтыру жәрдемақыларын төлеу, жұмыс берушілермен еңбек шартын ұзарту және бұзу ережелері, В-2, В-3 санаттары бойынша қосымша білім беру мұғалімдерінің жалақысын есептеу, үстемақы тағайындау туралы сұрақтар қойды. Білім беру қызметкерлеріне төлемдер, жоспарлы медициналық тексеруден өту және жұмысқа қабылдау ережелері мен ерекшеліктері туралы, білім беру қызметкерлерін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы, денсаулық сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі ретінде, мұғалімдерді аттестациялау және басқа да мәселелер қаралды.
Құқыықтық мәселелер бойынша бас маманы әріптестерін қызықтырған сауалдарға тұшымды жауаптар беріп, сол жерде оң шешімін тапты.
Жобаның іс-шаралар жоспары бойынша Ақтоғай ауылындағы Махмет Қайырбаев атындағы орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымында болып, төрағаларға ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында оқыту семинары өткізілді. Шараны Павлодар облыстық ұйымының оқу-әдістемелік және кадр жұмысы жөніндегі бас маманы Арынова Алма Файзрахманқызы жүргізді. Арынова Алма Файзрахманқызы семинарға қатысушыларға SMART презентация дайындап, Қазақстандық салалық білім, ғылым және білім қызметкерлері кәсіподағының «Жаңа Қазақстан – Жаңа кәсіподақ» Даму тұжырымдамасының негізгі бағыттарына тоқталды. Тұжырымдамада жаңа идеологияны жүзеге асырудағы және кәсіподақ жұмысындағы бағыттарды жетілдірудің негізгі аспектілері қамтылып, облыс кәсіподақ ұйымы жұмысының нормативтік-құқықтық құрылымын одан әрі жетілдіру туралы және әлеуметтік әріптестікті дамытудағы жұмыстарды жалғастыру туралы және т.б.айтылды;
Ақтоғай ауданы, Нығманов атындағы орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Кепешов Дархан Мүбәрәкұлы семинарға қатысушылар алдында сөз сөйлеп, өз мектебінің кәсіподақ комитетінің қызметі, әріптестерінің қатысуы туралы презентация көрсетті. Мұнда аудан көлемінде өткізілген іс-шараларда өз тәжірибесімен бөлісіп, ұжыммен бірлескен жұмыстың нәтижесі мен жетістіктерімен бөлісті.
Қараоба орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының келісім комиссиясының жұмыс тәжірибесінен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Таскенова Баян Мұратқызы сөз сөйледі. Семинардың шығармашылық бөлімінде өткен «Миға шабуыл» интеллектуалды жаттығуына кәсіподақ қозғалысының жетекшілері белсене қатысты. Бұл жұмысты Қоғамдық бірлестігі жанындағы Жастар кеңесінің мүшесі, Павлодар қаласы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы инновациялық мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі Серікбаев Әсет Бақытжанұлы модераторлық етті.
Іс-шаралар бағдарламасының соңында үздік қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. «KASIPODAQ KERUENI» облыстық кәсіподақ жобасы Кәсіподақтың ұйымдық бірлігін нығайтуға, кәсіподақ мүшелерінің (соның ішінде жас мамандар арасында) белсенділігін арттыруға және жас мұғалімдердің бастамаларын қолдауға бағытталғанын айта кету маңызды.
Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі