КӘСІПОДАҚ – ҰЖЫМ ҰЙЫТҚЫСЫ
Ақтау қаласындағы «№16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымымен кездесу жиналысы ұйымдастырылды. Жиналысқа 170 педагог қатысты.
Жиын кәсіподақ ұйымының мақсаты мен міндеттері туралы түсінік беру мақсатында өткізілді. Кездесуде Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымы ҚБ төрағасы Т.Баймбетова кәсіподақ қызметі, еңбек тәртібін нығайту жөніндегі кәсіподақ ұйымының жұмысы туралы баяндап берді.
Кәсіподақ қызметі нормативтік құжаттар: ҚР Коституциясы, ҚР Еңбек кодексі, ҚР «Кәсіподақтар туралы», «Қоғамдық бірлестіктер», «Педагог мәртебесі туралы» және өзгеде заңнамалық актілер негізінде жүзеге асырылып отыратындығы туралы баяндай келе, кәсіподақ құрамына кіру ерікті түрде екендігі, мәжбүрлеу жоқ екендігі айтылып өтті.
Одан әрі Ақтау қалалық филиалының төрайымы К. Еңсегенова бүгінгі таңда «Кәсіподақ қызметкерлерге не береді?» деген сауалға жауап берді, Кәсіподақ қызметі ашық негізде жүзеге асырылады, қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартуға қатысу, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау - кәсіподақтың негізгі міндеті болып табылады және осы бағытта келіп түскен арыз шағымдар, еңбек уақыты, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек даулары, еңбекақы мен сауықтыру жәрдемақысының төлемі, сыйақы бөлу тәртібі, қайырымдылық қолдау, мәдени іс-шаралар т.б мәселерді шешудегі жүргізіліп келе жатқан жұмыс түрлерін атап өтті.
Кәсіподақ ұйымының әрбір жүргізген жұмыстары әлеуметтік желі арқылы да жарияланып отыратындығы, барлық іс-әрекеттер ашық екендігі аталып өтті. Одан әрі ұжымдық шарттың орындалысы мен рөлі, қызметкерлердің мүдделерін және еңбек құқықтарын қорғаудағы Ұжымдық шарттың мақсаты туралы айтылды.
Жиналыс соңында ұжым қызметкерлері тарапынан сауықтыру жәрдемақысы, жұмыс уақыты мен қайырымдылық қолдау түрлері және үй кезегі бойынша ашық-сұрақтар қойылды, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар мен құқықтық кеңестер берілді.
Кәсіподақ ұйымы атынан ұжымға алдағы екінші жартыжылдыққа сәттілік, толағай табыстар тіледі.
М.Өтебаева,
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №16 жалпы білім беру мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.