ЕҢБЕК АДАМЫ, ҰЛАҒАТ ИЕСІ
Қоғам дамуының да, адамзат өркениетінің де өзегі - өнімді еңбек. Ал жеке адамның өмірінің алтын арқауы да осы маңдай тер, табанақы, адал еңбекпен өрілетіні анық. Әр адамның жарқыраған жарық жұлдыз екендігі де сөзсіз.
Өмірде өз еңбегімен көрініп жүрген қарапайым еңбек адамдары қаншама? Біздің әрбіріміздің өмірден алар орнымыз бөлек. Әрбір еңбек иесі мақтау мен құрметке лайық жандар.Соның бірі – өзім білетін әріптесім Баян Мағзамбайқызы. «Жаныңда жүр жақсы адам», - демекші бала тәрбиесіндегі апайымыздың еңбегін ұлықтауды өзіме мақсат еттім.
Біріншіден,ширек ғасырдан астам өмірін білім беру саласына арнаған әріптес апайымыз көптеген сайыстардың жеңімпазы.
Атап айтар болсақ,облыстық «Үздік тәрбиеші -2010» байқауынан І орын алса, облыстық «Үздік әдіскер-2014» байқауында ІІ орынмен марапатталды.Жоғары білімді, педагог-психолог Сатова Баян Мағзамбайқызы балабақша мерейін көтеріп жүрген ізденімпаз-еңбекқор маман.Ұйымдастырушылық қабілетімен, тәжірибесімен бөлісіп сапалы әдістемелік көмек беріп, педагогтер, тәрбиеленушілер жетістігімен біліктілігі арта түсіп, шығармашылығы шыңдалған тәжірибелі ұстаз.
Екіншіден,2019 жылдан бері Түпқараған психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің КММ-ның меңгерушінің м.а. Баян апай – ұйымдастырушы басшымыз.Оның басқару әрекеттері білім беру жүйесінің барлық қатысушылары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталады.Ол басқарған ұжым Республикалық байқауларда шығармашылығымен көзге түсіп, тәрбиеленушілер дипломдармен марапатталды,«Луара» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Каспий толқыны-2022» фестиваліне балалар оркестрі қатысып лауреат атанды, тәрбиеленушіміз "Жұлдызай" республикалық балалар фестивалінде Ақнияз Қарақат ІІІ орынмен марапатталды.
Қазіргі заманғы талаптарға сәйкес, білім беру мекемесінің жұмысын жақсартуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған инновацияларды енгізуде де еңбегі ерен. Осындай қызметтеріне орай, Маңғыстау облысы Білім басқармасының Құрмет Грамотасының да иегері.
Әрбір еңбек иесі мақтау мен құрметке лайық жандар. Осындай абыройлы және жүгі ауыр міндетті орындап жүрген еңбек адамдары арамызда жүр.
«Басшы міндеті - күшті, бірақ дөрекі емес, мейірімді, бірақ әлсіз емес, ойлы, бірақ жалқау емес, өзіне сенімді, бірақ менмен емес, кішіпейіл, бірақ ұялшақ емес, әзіл-қалжыңға ие», - деп даналар айтпақшы білікті басшы- ұжым мақтанышы. Ол - ата-аналар алғысына бөленіп, ұжымда әріптестерімен сыйластықта, ынтымақтастықта қызмет атқарып жүрген нағыз еңбек адамы.
А.Абджамиева ,
Маңғыстау облысы, Түпқараған психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы