ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ ШЫРША МЕРЕКЕСІ
Жаңа жыл қарсаңында К.С.Станиславский атындағы театрда Қарағанды облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподағы білім және ғылым қызметкерлерінің балалары үшін шырша мерекесін ұйымдастырды. Қысқы Жаңа жылдық мерекеге білім және ғылым қызметкерлерінің 300-ден астам баласы қатысты. Шырша мерекесіне Қарқаралы, Бұқар Жырау, Нұра, Осакаров, Абай, Шет аудандары, Теміртау, Саран, Шахтинск, Қарағанды қалалары мұғалімдерінің балалары, Техникалық университеттің, Индустриялық университеттің, колледждердің, Химия-металлургия институтының, Оргсинтез және көмір химиясы институтының қызметкерлерінің балалары келді.
Балалар мерекесіне қатысушыларды Аяз Ата мен Ақшақар, ертегі кейіпкерлері, көңілді қойылымдар мен ойындар күтіп тұрды. Білім қызметкерлерінің балаларын облыстық кәсіподақтың төрағасы Алмагүл Ракишева құттықтап, оларға мықты денсаулық, оқуда табыс және қысқы каникулда жақсы демалыс тіледі. Мереке «Ханзада ханшайымды қалай іздеді» ертегі бойынша керемет қойылыммен аяқталды.
Облыстық кәсіподақ балаларға тегін жаңажылдық сыйлықтар табыс етті. Шалғайдағы ауылдық жерлердегі балаларға ерекше көңіл бөлінді. Олар мерекелік безендірілген қаланы саяхаттап, ерекше көңілді әсерге бөленіп, жақсы көңіл-күймен қайтты.
Қарағанды облыстық оқу-ағарту,
ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподағы