АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖӘНЕ БІЛІМ КӘСІПОДАҒЫ АРАСЫНДА 2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
2023 жылы 1 қаңтарда Астана қаласының Білім басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) және Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы (бұдан әрі – Астана Кәсіподағы) арасында әлеуметтік әріптестік туралы жаңа Келісім күшіне енеді. Келісім Астана Кәсіподағының мүшелері болып табылатын білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен салыстырғанда қосымша жеңілдіктер мен кепілдіктер белгілеу мақсатында қол қойылды.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚРЕК) 1-бабы 1-тармағы 8 тармақшасына сәйкес, келісім – тараптардың республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі жұмыскерлер үшін мазмұнын және еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі міндеттемелерін айқындайтын әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында жасалатын жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт.
Келісімнің күші:
Басқарма мемлекеттік уәкілетті орган болып табылатын, Астана Кәсіподағының бастауыш ұйымдары бар Астана қаласының білім беру ұйымдарына және ұйым басшыларына;
Астана Кәсіподағының мүшелері болып табылатын, білім беру ұйымдарының жұмыскерлеріне қолданылады.
Келісімнен туындайтын ережелер Тараптар үшін міндетті болып табылады және білім беру ұйымдарының басшылары мен Астана Кәсіподағының бастауыш ұйымдары арасында ұжымдық шарттар жасасу кезінде негіз болады және ол ережелерді алып тастауға немесе қысқартуға болмайды.
Астана Кәсіподағының мүшелерін әлеуметтік қолдау мақсатында енгізілген Келісімнің жаңа нормаларына ерекше назар аудару қажет.
Келісімнің бұл нормалары Басқарма мен Астана Кәсіподағының арасындағы әлеуметтік әріптестіктің тиімділігін дәлелдейді, яғни:
Астана Кәсіподағының мүшелері болып табылатын біліктілігі жоқ білім беру ұйымдарының жұмысшыларына (қызметтік бөлмелерді тазалаушы, вахтер, гардеробшы, кастелянша, аула сыпырушы, күзетші және т.б) ең төменгі жалақы мөлшерінде сауықтыруға жәрдемақы жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде күнтізбелік жылда бір рет төленетін болады;
ҚРЕК-нің 157-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына және ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 12-бабының 7-тармағына сәйкес, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың куәлігі бар Астана Кәсіподағының мүшелеріне:
радиациялық қауіпті аймақтары бойынша қосымша ақы;
аймақтар бойынша жыл сайынғы қосымша ақылы демалыс.
Радиациялық қауіп аймақтары және әлеуметтік қолдаудың мөлшері Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңымен айқындалады.
Келісімге келесі жаңа нормалар енгізілді:
білім беру саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы (ШЖҚ МКК) еңбекке ақы төлеу жүйесі бекітілген;
тәртібі мен шарттары:
АӘД оқытушы-ұйымдастырушысының еңбекке ақы төлеу;
қашықтықтан жұмыс істеу кезіндегі еңбекке ақы төлеу;
кезекші сыныптар мен топтарда жұмыс істейтін мұғалімдер мен оқытушылардың жалақысын есептеу;
жұмыс берушінің еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне ақпараттарды енгізу;
біліктілікті арттыру курстары кезінде педагогтардың жалақысын сақтау;
ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, магистратура бойынша тиісті педагогтарға (оның ішінде оқу жүктемесі жоқ педагогтарға) қосымша ақы белгілеу;
Келісімде педагогикалық қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, Астана Кәсіподағының мүшелері үшін бұрынғы Келісімнің маңызды нормаларын сақталды және нақтыланды, атап айтқанда:
жұмыскерлер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастары;
кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жағдайлары;
жұмыскерлерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
педагогтарды тарификациялау;
еңбек жағдайларын өзгерту тәртібі мен шарттары;
жұмыс берушінің Кәсіподақ комитетімен келісе отырып қабылданатын бұйрықтар тізімі;
толық жеке материалдық жауапкершілік туралы келісім-шарттар жасалуы мүмкін жұмыскерлердің тізімі;
жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясы туралы Ережесі;
ішкі еңбек тәртіптемесінің Ережелері;
сыйлықақылар төлеу Ережесі;
білім беру ұйымдарындағы жұмыс уақыты және тынығу уақыты;
басшылар мен олардың орынбасарларының пәндерді оқыту бойынша қосымша педагогикалық жұмысы;
бес күндік және алты күндік жұмыс аптасындағы жұмыс уақыты;
педагогтардың кезекшілік тәртібі;
оқушылар мен тәрбиеленушілердің тәулік бойы болу кезіндегі педагогтардың жұмыс уақыты;
мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу жұмыскерлердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізінде екі еселенген мөлшерден кем емес;
оқу жүктемесі белгіленбеген педагогтар үшін (жалақының ставкасы үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын) жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді (басшылар мен басшы орынбасарларын қоспағанда).
нақты оқу жүктемесінің мөлшерінде, оның ішінде қоса атқарылатын жұмыскерлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеу;
жұмыскерге бірінші және келесі жұмыс жылдары үшін (нақты жұмыс істеген немесе аванс кезеңге сәйкес) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру тәртібі мен шарттары;
ҚР Еңбек кодексінің 89-бабының 3-тармағына сәйкес, қосымша ақылы жыл сайынғы еңбек демалыстары: Астана Кәсіподағының бастауыш ұйымының төрағасы болып табылатын жұмыскерге (5 күн), бас бухгалтерге (бухгалтерге), кітапхана меңгерушісіне, (кітапханашыға), еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторге (3 күн);
Астана Кәсіподағының мүшелеріне қосымша жалақысы сақталмайтын демалыс жағдайлары: жұмыскердің балаларының некелері тіркелгенде, немерелері туылғанда (5 күнге дейін), балаларын әскери қызметке шығарып салу үшін, жаңа мекен-жайға көшумен байланысты (3 күнге дейін);
еңбекке ақы төлеу және еңбекті нормалау, жалақы мазмұны;
білім беру ұйымдары шаруашылық жүргізу режиміне (ШЖҚ) көшу кезінде Астана Кәсіподағының мүшелеріне ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңында және ҚР Үкіметінің № 1193 қаулысына сәйкес сауықтыруға арналған жәрдемақы және белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылардың түрлері сақталатынады.
екі ставкасы бар тәрбиешілерге еңбекке ақы төлеу (аптасына 48 сағат), бір немесе бірнеше білім беру ұйымдарында нақты толық екі ставкасы бойынша жасалады;
каникул мерзіміндегі соның ішінде балаларды үйден оқытуды жүзеге асыратын педагогтерге еңбекке ақы төлеу тәртібі мен шарттары;
бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу (жұмыскердің кінәсінен емес) Астана Кәсіподағының мүшесінің нақты жұмыс көлемінің лауазымдық жалақысы мөлшерінде;
даму және оқу мүмкіндіктері шектеулі, тәрбиелеудің ерекше жағдайына немесе ұзақ емделуге мұқтаж балалармен, сондай-ақ жетім балалармен және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс үшін қосымша ақы алушылардың тізіміне: білім беру ұйымдарының басшылары; барлық лауазымдар мен мамандықтар педагогтары; тәрбиешілердің көмекшілері, лаборанттар, барлық мамандықтағы медициналық жұмыскерлер, кітапханашылар, аспазшылар кіреді;
кепілдіктер мен өтемақылар;
зейнеткерлік жасқа толған кезде еңбек шартын бұзған жағдайда лауазымдық айлықақы мөлшерінде өтемақы төлеу;
жұмыс берушінің Астана Кәсіподағының мүшесіне материалдық көмек көрсету құқығы;
еңбекті және денсаулықты қорғау:
арнайы киіммен, аяқ киіммен және өзге де жеке қорғану құралдарымен тегін қамтамасыз етілуге тиісті жұмыскерлер тізбесі;
жұмыскерлерге жуу және залалсыздандыру құралдарын тегін беру нормалары;
сабын, жуу және залалсыздандыру құралдарын тегін алу құқығына ие жұмыстар мен кәсіптер тізбесі;
еңбекті қорғау жөніндегі Келісім;
Астана Кәсіподағы қызметінің кепілдіктері;
Астана Кәсіподағының бастауыш ұйымдарының төрағалары білім беру ұйымдарының: тарифтеу, педагогтерді аттестаттау, педагог лауазымына орналасу, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңеске, келісу комиссиясы және басқа да комиссиялардың құрамына енгізіледі;
Астана Кәсіподағының жұмыс берушелердің еңбек заңнамаларын сақтау бойынша қоғамдық бақылау жасау құқығы;
Келісім Тараптарының әлеуметтік әріптестіктің тиімділігін арттырудағы міндеттемелері.
Келісіммен реттелетін жоғарыда аталған бірнеше нормаларға назар аударғым келеді, олар:
Коронавирустық пандемия кезінде Астана Кәсіподағының мүшелерінің жұмыс уақыты тоқтап тұрған кездегі жалақысы ең төменгі жалақының орнына лауазымдық жалақысы көлемінде сақталды.
Қазіргі уақытта бұл норма экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық немесе өзге де өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыс уақытша тоқтатылған жағдайда (мысалы, білім беру ұйымдарын күрделі жөндеу кезінде және басқа жағдайларда) қолданылады.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіптік одағы арасындағы Салалық Келісім, Басқарма мен Астана Кәсіподағы арасындағы Келісім, басшылар мен Астана Кәсіподағының бастауыш ұйымдары арасындағы Ұжымдық шарттар негізінде сауықтыруға арналған жәрдемақы нақты оқу жүктемесінің мөлшерінде төленеді (оның ішінде қоса атқарылатын жұмыскерлерге).
Біліктілік санаты бар ШЖҚ ұйымдарының басшылары мен басшының орынбасарларына мемлекеттік мекемелердегіден төмен емес мөлшерде біліктілік санаты үшін қосымша ақы.
ШЖҚ режиміне көшкен білім беру ұйымдарына еңбекақы төлеудің жеке жүйесін бекіту ерекше назар аударуды қажет етеді, осыған байланысты жақын арада Астана Кәсіподағы ШЖҚ ұйымдарының жұмыскерлері мен басшыларына толық түсіндірмелері бар жеке пост жарияланады.
Келісімге қол қою Басқарма мен Астана Кәсіподағы арасындағы өзара қарым-қатынас елорданың білім беру саласында алға қойылған міндеттерді шешіп қана қоймай, білім беру ұйымдары жұмыскерлерінің өз міндеттерін орындауына қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге қабілетті екенін көрсетеді.
Келісім Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде тіркелген, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2023-2025 жылдар аралығында әрекет ететін құқықтық акт болып табылады.
Келісімнің толық мәтіні Астана Кәсіподағынның бастауыш ұйымдары бар білім беру ұйымдарына жіберілді.
Астана Кәсіподағаның мүшелері Келісім нормаларына байланысты қосымша сұрақтар мен ақпаратты 217106 телефоны арқылы біле алады.
Келісімнің күші мен оның барлық нормалары тек Астана Кәсіподағының мүшелеріне қатысты.