АРЫМЫЗДЫҢ АЛАУЫ, АЛАШЫМЫЗДЫҢ ЖАЛАУЫ
Алаш ардақтысы, қаламы қарымды журналист, публицист, көрнекті мемлекет қайраткері Жалау Мыңбайұлының туғанына 130 жыл толуына орай "Арымыздың алауы, Алашымыздың Жалауы" атты апталықтың жұмыс жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімі Айтымбетова Күлімхан Амантұрлықызы "Елім деп өткен ер Жалау" атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағаты 3ә сынып оқушыларының орандауындағы "Батырлар" биімен басталды. "Намыстан жаралған Жалау Мыңбайұлы" атты деректі фильм тамашалады. Қоғам қайраткерінің өмірі мен еңбек жолы баяндалды. Халық үшін сіңірген біраз еңбектері аталып өтті.
Іс-шараның тағы бір ерекшелігі оған ата-аналар өте белсенді қатысты. Өнерлі ата-анамыз Нұржігітов Бекболат сахнада "Алаш маршын" орындады. Тәрбие сағатында оқушылар Жалау Мыңбайұлының өмір жолынан қойылым қойды, арнау өлең жолдарын мәнерлеп оқыды.
Атаулы іс-шарада ата-аналардың белсенді қатысуы мен балақайлардың өздерін еркін ұстауы көрермендерді тәнті қылды. Оқушылар шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өздерін тағы да бір жақсы қырларымен көрсете білді.
Ашық тәрбие сағатының өте керемет деңгейде өткізілуі сынып жетекші ұжымның кәсіподақ мүшесі Айтымбетова Күлімхан Амантұрлықызының керемет жұмысы деп білеміз.
Аудандық кәсіподақ филиалы мен бастауыш кәсіподақ ұйымы атынан шараға қатысқан ата-аналарға, ұстаздарға, оқушыларға алғыс айта отырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!
Г.Жолдыбаева,
Маңғыстау облысы, Түпқараған аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы