ӨЗ ҚҰҚЫҒЫҢДЫ ҚОРҒАЙ БІЛ!
Ақтау қаласындағы №8 «Ақжелкен» бөбекжайының директоры Сәуле Әлбекова еңбекақы төлеміне және жылдық сыйақы бөлу тәртібі бойынша ұжым мүшелерімен кездесуді ұйымдастырып, кәсіподақ ұйымынан түсіндірме жұмыс жүргізіп беруге өз ұсынысын білдірді.
Осы мақсатта «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің құқық қорғау маманы Н.Храмова мен Ақтау қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы К.Еңсегенова ұжым қызметкерлеріне еңбекақы төлеміне байланысты нормативтік құжаттар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 29.12.2016ж №123 бұйрығы мен 31.12.2015ж ҚР №1193 Қаулысы негізге алынатындығын түсіндіре отырып, еңбекақы есептеудің формуласын көрсетті.
Ұжым арасындағы еңбекақы көлемінің әртүрлілігі, еңбек өтілі, біліктілік санаты, жоғары және арнаулы орта оқу орындарына және ақы төлеу коэффициенттері бойынша толық ақпарат берілді.
Жылдық сыйақы бөлу үшінде комиссия мүшелері, сыйақы ережесі, хаттама мен шешім негізінде бөлінетіндігі бойынша түсінік жұмысы жүргізілді.
Жиналыс соңында барлық ұжым қызметкерлеріне алдағы жаңа-жыл мерекесімен құттықтай келе, ұжым арасына ауызбірлік, ынтымақ пен толағай табыстарға жете берулеріне жылы лебіздер тіледі.
«Кәсіподақ - күші бірлікте!» екені тағы бір мәрте дәлелденді.
Б.Санбаева,
№8 "Акжелкен" бөбекжайының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.
Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы.