«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ – ТІРЕГІМ!»
Шәкірттер мен ұстаздардың шығармашылық қабілетін арттыру, патриоттық сезімін ояту, Тәуелсіз елге деген құрметін күшейту, ел бірлігі, Отан сүйгіштік және өнерді дәріптеу және де облыстық білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ мүшелерінің дарынын ұштау, арттыру, дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай Маңғыстау облыстық ұйымы кәсіподақ мүшелері арасында «Тәуелсіздік-тұғырым» атты облыстық «Екі жұлдыз» байқауының қорытынды кезеңін өткізді
Мерекелік іс-шарада облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Т.А. Баймбетова Тәуелсіздік күнімен құттықтап, байқау жеңімпаздарына шығармашылық табыс тіледі.
Байқау нәтижесінде: колледждер арасында: 1-орын Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің дуэті; 2-орын Маңғыстау техникалық колледжінің дуэті; 3-орын Маңғыстау туризм колледжi.дуэті;
Аудандық, қалалық білім беру мектептері арасында: 1-орын Жаңаөзен қаласы №19 А.Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің дуэті, 2-орын Ақтау қаласы Ф.Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектептің дуэті, 3-орын Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беру мектебінің дуэті;
Өнер мектептері арасында: 1-орын Қарақия ауданы, Құрық балалар өнер мектебінің дуэті, 2-орын Маңғыстау аудандық өнер мектебінің дуэті, 3-орын Ақтау қаласы, Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебінің дуэтіне берілді.
Қалған қатысушы жұптар байқауға белсене қатысқаны үшін ынталандыру сыйлықтары мен қаржылай сертификаттарға ие болды.
Қазылар алқасының мүшесі, республикаға танымал жергілікті сазгер Марат Ордабаев жеңімпаздарды құттықтай келе, қатысушыларға келешекте байқау ережесінен ауытқымауды, талапқа сай болуды ескертті.
Біз, жас өскелең жастар, тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз. Ата-бабаларымыздың аңсаған арманы – Тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан біздер шынайы бақытты жандармыз. Ендігі мақсат, осы еркіндікті баянды ету біздің басты парызымыз.
«Қазақ елі - жасасын!» - деген, жалынды сөздермен мерекелік кеш қорытындыланды.
Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы