МҰНАЙЛЫДА МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА СПОРТ ЖАРЫСЫ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай, Маңғыстау облысының, Мұнайлы ауданындағы білім беру ұйымдарында қызмет ететін мұғалімдер арасында "АРМРЕСТЛИНГ" қол күресі жарысы өткізілді. N8 жалпы білім беретін мектебінде ұйымдастырылған
жарысқа жалпы саны 147 мұғалім қатысып, өзара бақ сынасты.
Дүбірлі додада сынға түскен ұстаздар арасында жеңімпаздар анықталып, жүйрік деп танылғандар салмақ дәрежесіне қарай 1,2,3 орындарға ие болды. Жеңіс тұғырынан көрінген ұстаздарды аудандық кәсіподақ ұйымы төрайымы құттықтап, бағалы сыйлықтар мен сертификаттар табыстады.
Маңғыстау облыстық, Мұнайлы аудандық филиалы.