АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
2022 жылдың 8 желтоқсанында Кәсіподақтар үйінің акт залында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің (төрағасы А.Ракишева) ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының еңбек заңдылықтары нормасын түсіндіру мақсатында және мамандардан қажетті тақырыптық кеңес алу үшін кәсіподақ мүшелеріне арналған «Ашық есік күні» өткізілді.
Аталған шарада облыстық кәсіптік одақтың құқықтық инспекторлары, Қарағанды облысының кәсіподақтар орталығының, Қазыбек би ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, Еңбек инспекциясы басқармасының, «БЖЗҚ» АҚ өкілдері кәсіподақ мүшелерінің әртүрлі сұрақтарына жауап берді.
Облыстың қалалары мен аудандарынан келген білім және ғылым мекемелерінің қызметкерлері мамандардан білікті жауаптар алып, осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізіп тұруға өтініш білдірді.