МАҢҒЫСТАУЛЫҚ КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫ АКЦИЯДА АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР ӨТКІЗДІ
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күніне, «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» акциясының аясында «Бірігіңдер! Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату жөніндегі белсенділік» ұранымен барлық облыстық, қалалық филиалдарда іс-шаралар – әңгімелер, дөңгелек үстелдер, дәрісхана жұмысы ұйымдастырылды. Сынып сағаттарында жоғары сынып оқушылары мен студенттерге осы тақырып бойынша талқылау жоспарланып, өткізілді.
8 желтоқсанда Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық комитеті облыстың кәсіподақ орталығының мәжіліс залында облыстың білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» атты дөңгелек үстелге қатысты.
Жиынға облыстық кәсіподақ ұйымы мен кәсіподақ мүшелері – білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін қыз-келіншектер қатысты. Жиынды облыстық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыру қызметтері жөніндегі маман Асылтас Аманиязова әйелдерге қатысты түрлі дискриминация түрлерін жою туралы конвенцияға сәйкес жыл сайын «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтетінін, акцияның мақсаты - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың ең көп таралған түрі - отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау мен әйелдердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау және тұрмыстық қылмыстардың алдын алу екендігін атап өтті.
Іс-шарада Қазақстандағы халықаралық адам құқықтары және заңдылық бюросының Маңғыстау филиалының директоры, «Мейірім» ҚБ төрағасы, модератор, Александр Викторович Муха әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ ана мен баланы қорғау және қоғамда отбасының рөлін нығайту бойынша облыста жасалып жатқан жұмыстарға арнайы тоқталып, баяндама жасады. «Мейерім» ҚБ психологы – Проняева Юлия Алиевна тренингтер өткізді.
Біз, облыстың кәсіподақ көшбасшылары мен мүшелері, «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» акциясына бірлесіп қосыламыз және барлық мүдделі тараптарды әрбір адамның зорлық-зомбылықсыз өмір сүру құқығын қолдауға шақырамыз!
Бірге біз зорлық-зомбылықтан азат әлем құра аламыз, онда әрбір адам өз әлеуетін толық іске асыру үшін жеткілікті ресурстар мен тең мүмкіндіктерге ие.
Маңғыстау облыстық ұйымы