БАСШЫ БОЛУ – АБЫРОЙЛЫ ДА, ЖАУАПТЫ ІС
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»-дегендей, әр шаңырақтың үміт күткен ұл-қыздары ұстаздардың білімі мен біліктілігіне жүгініп, сенеді. Еліміздегі ерекше білімді қажет ететін балаларға білім мен тәрбие беру, қазіргі таңдағы білім саласындағы басты бағдарламалардың бірі. Ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған «Жаңаөзен арнайы мектебі» КММ-нің директоры Жалмұханова Ақсауле Есбайқызы білікті басшы,шығармашыл тұлға, ұжым мақтанышы.
Жалмұханова Ақсауле Есбайқызы - 1972 жылдың желтоқсан айының 8-ші жұлдызында, Туркменстан Республикасында дүниеге келді. 1979 жылдан 1989 жылдар аралығында Туркменстан Республикасының Небит-Даг қаласының Жебел поселкесінегі №14 орта мектепті бітірді. 1989 жылы маусым айында Жаңаөзен қаласына көшіп келді.
Еңбек жолын 1990 жылдан бастап 1991 жылдың қазан айына дейін АҚ «Өзенмұнайгаз» мекемесіне қарасты «Ритс-6» асханасында асхана қызметшісінен бастады. 1991 жылы Ақтау қаласының Маңғыстау педагогикалық колледжіне түсіп, балабақша тәрбиешісі мамандығын 1994 жылы алып шықты. 1991 жылдың қазан айынан бастап №7 орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі; 1994-1999 жылдар аралығында қаладағы балабақша тәрбиешісі; 1999-2000 жылдары № 2 мектепте бастауыш сынып мұғалімі; 2000-2003 жылдар аралығында №12 бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі; 2003 - 2003 жылдар аралығында № 12 бастауыш мектепте директордың тәрбие жөніндегі орынбасары; 1997-2001 жылдары Ақтөбе қаласындағы «Қайнар» университетінде оқып, «Құқықтану» мамандығы бойынша біліктілік алып шықты. 2012-2014 жылдары Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінен «дефектолог» мамандығын оқыды. 01.07.2011 жылдан бері Жаңаөзен арнайы (түзету) мектеп-балабақша мемлекеттік мекемесінде директордың оқу ісінің орынбасары қызметін атқарды. 23.12.2016ж. бастап, «Жаңаөзен арнайы мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазіргі мезгілге дейін директордың міндетін атқарып келеді.
Өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берген ұлағатты ұстаз, шебер ұйымдастырушы. Өз мамандығының майталманы және жас ұрпақ тәрбиесінің шынайы жанашыры. Білім саласында 30 жылдан бері еңбек етіп, өзінің елеулі еңбегі үшін бірқатар марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, 2020 ж. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Құрмет грамотасы», 2021ж. Сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін, Маңғыстау облысы білім басқармасының «Алғысы» және Жаңаөзен қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталған. Осы еңбек еткен жылдарында мекеменің тәрбие жұмыстарын жүргізуде, көптеген мәдени іс-шаралар өткізіп, мекемедегі мүмкіндігі шектеулі оқушыларды республикалық «Жұлдызай» фестивалі, Маңғыстау облыстық «Луара» қайырымдылық қоры фестиваліне және «Спешиал Олимпикс» қорының ұйымдастыруымен өтетін облыстық мектепішілік спорттық сайыстарға оқушыларды қатыстырып, олар бірнеше жүлделі орындарға ие болды.
Ақсауле Есбайқызы басқарып отырған мекемеде 16 жас маман жұмыс істейді. Жас мамандардың бойына адамгершілік, әдептілік, кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруда және білімді, білікті маман болуларына бағыт бағдар беруде өз үлесін қосып келеді. Мерекелік іс-шаралар өткізіп, қызметкерлермен, ата-аналармен қарым-қатынас жасап, үнемі байланысып отырады.
Ұжым педагогтары касіби шеберлік байқауларының женімпаздары мен жүлдегерлері республикалық, облыстық, мектепішілік спорттық сайыстары мен шығармашылық өнерлерімен жүлделі болған оқушылары да бар.
Ақсауле Есбайқызы өзінің еңбек жолында тәжірибелі маман, білікті басшы, шығармашыл тұлға. Ұжым толықтай кәсіподақ мүшелері, басшы әлеуметтік әріптес ретінде бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмысының белсенділігін арттыруда өз қолдауын, ықпалын көрсетуде аянбай қызмет жасауда.
Ерекше білімді қажет ететін балаларға заман талабына сай білім беруде мектеп ұстаздары мен оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін арттырып, стандартқа сай білім алуына басшының қосар үлесі мол. Ұжымда беделі биік ұстаз, үлгілі отбасы, аяулы ана, немерелерінің сүйікті әжесі.
Жалмұханова Ақсауле Есбайқызын биылғы жылы 50 жасқа толған мерейлі жасымен құттықтай отырып мықты денсаулық, шығармашылық табыс, отбасына амандық, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз деген тілегімізді білдіреміз.
Г.Есенаманова,
Маңғыстау облысы, «Жаңаөзен арнайы мектебі» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.