ЖІГЕРЛІ БАСШЫ – ЖЫЛЫ ЖҮРЕКТІ ҰСТАЗ!
Барлық мамандықтардың төресі – мұғалім, ол мектептің жүрегі! «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні мен киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді» деген жазушы Мәлік Ғабдуллиннің дөп басып айтқан сөздері күні бүгінге дейін көпшілікке ой тудырады. Ал, ол мұғалім басшылық міндетті қатар алып жүрсе, шәкірттермен бірге ұжым да оны өнеге тұтып, бой түзейді. Ұрпақ тәрбиесінде ұстазға артылатын міндет өте көп. Жалпы, өзім ұқыптылықты, жауапкершілікті, еңбекқорлықты, талапты, тазалықты сүйемін сондықтан әріптестерімнен осы қасиеттерді талап етемін, — дейді Маңғыстау білім басқармасы «№2 арнайы жалпы білім беру мектебі» КММ директоры Айгүл Мұратқызы.
Тарихы терең қарт Каспий теңізінің бойында орналасқан Ақтау қаласы мектептерінің ішінде оқушыларымен ерекшеленетін бұл мекемені басқарып, біліктіліктігімен, жауапкершілігімен, жан-жақты қырларымен ұстаздардың оқушылардың, ата-аналардың алғысына бөленіп жүрген көреген басшы.
«Жақсының жақсылығн айт, нұры тасысын» дегендей, бүгінгі әңгімеге арқау етіп директор Нұрымова Айгүл Мұратқызы туралы көркем очеркімізді ұсынамыз.
Нұрымова Айгүл Мұратқызы 1970 жылы 22 наурызда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Ақшымырау ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген, еңбек жолын 1997 жылы тәрбиеші болып бастап, 2004 жылы «№2 мамандандырылған мектеп-балабақшаға қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданды. 2006 жылы осы мекемеде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Осы еңбек еткен жылдарында мекеменің тәрбие жұмыстарын жүргізуде, көптеген мәдени іс-шаралар өткізіп, мекемедегі мүмкіндігі шектеулі оқушыларды республикалық «Жұлдызай» фестивалі, Маңғыстау облыстық «Айналаңа мейірім сыйла!» атты «Луара» қайырымдылық қоры фестиваліне және «Спешиал Олимпикс-Қазақстан» қорының ұйымдастыруымен өтетін халықаралық, республикалық, облыстық, мектепішілік спорттық сайыстарға оқушыларды қатыстырып, олар бірнеше жүлделі орындарға ие болды. 2016 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасының ұсынуымен ерекше балаларға арналған «Мұнайлы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-нің меңгерушісі болып тағайындалып, мекеменің ашылуына атсалысып, аз уақыттың ішінде өзін көрсете білді.
2017 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасының ауыстыру тәртібі бойынша «№2 арнайы жалпы білім беру мектебі» КММ-нің директоры қызметіне тағайындалды.
Айгүл Мұратқызы директорлық қызметіне тағайындалғаннан бастап, мекеме ісіне белсене араласты. Жеке кәсіпкер А.Керелбаев және «ВS-құрылыс» мекемелерімен байланыс жасап, мекеменің шаруашылық жұмыстарын қолға алып, мектепті толығымен күрделі жөндеуден өткізді (мектептің қоршауын тұрғызып, аула көгалдандырылды).
Мекемедегі мерекелік іс-шаралар өткізу, мекеме қызметкерлерімен, демеушілермен, ата-аналармен бірге жұмыс жасау барысында олармен белсене араласа отырып, жақсы қарым қатынас жасай білді. 2017 - 2022 жылдары аралығында ұжым педагогтары кәсіби шеберлік байқауларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Халықаралық, республикалық, облыстық, мектепішілік спорттық сайыстары мен шығармашылық өнерлерімен жүлделі болған оқушылары да бар. Шәкірттеріне, күллі ұжымға, ата-аналарға, әрбір көмек сұраған жанның тағдырына әрқашанда тірек болып, қолдау көрсетіп келеді. Қиналғанға қол ұшын созып, жан жүрегімен, ақ пейілімен көмектесуге дайын тұрады. Әр шәкіртін аялап, үлкен өмірге аяқ бастырып, әрбірінің жолын қадағалап, болашақтарын ойлап, үнемі байланыста болады. Ұжымдағы әр қызметкерге өз отбасының мүшесіндей қарап, жан-жақты дамуға үгіттеп, бағыт-бағдар беріп отырады.
«Қиындықсыз іс болмайды» - деген қағиданы ұстанып, сол қиындықты өзі жеңе отырып, саралап, ойдағыдай орындап шығады. Жігерлі де намысты, өз ісіне адал, үлкен жауапкершілікпен қарайтын жылы жүректі, мейірімді жан!
Нұрымова Айгүл Мұратовқызы Ы. Алтынсарин айтқандай, «Педагогикалық іс өте нәзік, қасиетті іс, ол өте сезімталдықты, балаға деген өлшеусіз сүйіспеншілікті, бала жанын бірден танитын қырағылықты қажет етеді» - деген қағиданы ұстана жүріп, көптеген алғыстар мен марапаттарға ие болды. 2019ж ҚР «AGZHAN» ғылыми-білім беру орталығының директоры М. Шорманбаеваның Алғыс хатын, 2019ж., 2021ж. Қазақстан Республикасы білім және ғыдыым министрлігінің Құрмет грамотасын, 2019ж. «Жастар жетістіктері» қоғамдық қорының директоры Ж.Ш.Маханбетованың Алғыс хатын, 2020ж. «Салалық білім және ғылым қыызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Құрмет грамотасын, 2022ж Маңғыстау облысының әкімі Н.Ноғаевтың Алғыс хатын иеленді.
Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін жанашыр тұлға ғана емес, асыл жар, аяулы ана, ардақты әже. Осындай қарапайым да жігерлі басшымызға ұжым атынан сәттілік, шығармашылық табыс тілейміз.
С.Молдагалиева,
Маңғыстау облысы, «№2 арнайы жалпы білім беру мектебі» КММ, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.