«KASIPODAQ KERUENI» жобасы
2022 жылдың 23 қарашасы күні Аққулы өңіріндегі білім беру мекемелерінде “KASIPODAQ KERUENI” атты облыстық кәсіподақ жобасының кезекті кезеңі өтті. Жоба қоғамдық бірлестік филиалдарының кәсіподақ қызметін одан әрі жаңғыртуға, кәсіподақ жұмысындағы бағыттарды жетілдіруге, озық тәжірибені енгізуге, жобалық мененджментті іске асыруға, жас педагогтар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларының кәсіби шеберлігін арттыруға, олардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға және кәсіби одақ мүшелерінің корпоративтік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Облыстық шараның кешенді бағдарламасы негізгі үш модульден тұрды: «Жас ұстаз жаңа идеясы» Жастар Формуы; қоғамдық қабылдау және бастауыш кәсіподақ ұйымына бару.
«Жас ұстаз жаңа идеясы» бірінші модуль Аққулы ауданының Қарақара ауылы МКК «Потанин жалпы орта білім беру мектебі» базасында өтті.
Пленарлық бөлімде іс-шараға қатысушылардың алдында «Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Науразбаева Гүлбарам Әуезханқызы құттықтау сөз сөйледі. Гүлбарам Науразбаева өз сөзінде ҚБ ұйымдастырған іс-шаралардың өзектілігін атап өтті, «Жаңа Қазақстан – Жаңа кәсіподақ» атты Салалық кәсіподақ тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде кәсіподақ жұмысындағы негізгі бағыттарға егжей-тегжейлі тоқталды.
Кәсіподақтың ұйымдастырушылық бірлігін нығайтудағы басым міндеттерді айқындай отырып, салалық кәсіподақ қозғалысын дамытуда инновациялық тәсілдерді қолданудағы өз көзқарасымен бөлісті, педагогтардың жас буыны кәсіподақ менеджменті идеяларын жетілдіру мен қалыптастыруда және ҚБ жанындағы Облыс Жастар кеңесінің кадрлық резервін дамытуды қолдауда басты ұстанымдардың бірін атқаратынын атап өтті. Облыстық Жастар кеңесінің негізгі бағыттары туралы Облыстық жастар кеңесінің төрайымы, Павлодар қаласының №34мектебінің қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі Абильдинова Айнур Еркінқызы айтып кетті.
Сөз сөйлегеннен кейін қатысушыларға "Кәсіподақ қызметі туралы үздік бейнеролик" республикалық байқауында бірінші орын алған жастар кеңесінің қызметі туралы бейнефильм көрсетілді, оның авторы – Серікбаев Әсет Бақытжанұлы, ҚБ жанындағы Жастар кеңесінің мүшесі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, "Павлодар қаласының инновациялық үлгідегі №34 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ тарих және құқық мұғалімі".
Пленардық бөлім аяқталған соң жас педагогтар фокус – топтарға белсенді кірісті. Креатив мененджмент төрт негізгі модульден тұрды, олардың модераторлары Облыстың жастар кеңесінің мүшелері және қоғамдық бірлестіктің мамандары болды:
«Өзін –өзі таныстыруда – кәсіподақ мотивациясы» - Бусурманов Азат Арманұлы, қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі, Ертіс ауданының №3 ЖОББМ-нің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «харизматикалық спикер», Абильдинова Айнур Еркінқызы, облыстық жастар кеңесінің төрағасы, "Павлодар қаласының №43 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; «КASIPODAQ – табыс аумағы» – Теміржанов Нұрғиса Талгатұлы, «Павлодар қаласының №33 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қосымша білім беру педагогы; «Мнемоника – заңды лайфхак!» – Айғожин Айтмұхан Бекболатұлы, Аққулы ауданының Малыбай жалпы орта білім беру мектебінің биология пән мұғалімі және Аманов Ерсин Ермекұлы, Аққулы ауданының Жамбыл ЖОББМ-нің тарих пән мұғалімі.
Коуч аяқталған соң жас педагогтарды кәсіподақ спорттық – интеллектуалдық эстафетасы күтті. Бұл эстафетада педагогтар спорттық ғана емес, сонымен қатар заң сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, «Кәсіподақтың қоғамдық қабылдау бөлмесі» жұмыс істеді. Іс-шараның модераторы – Павлодар облыстық ұйымының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Жаркенова Гүлшат Оралқызы болды. Гүлшат Джаркенова құқықтық өріс шеңберінде әріптестерін қызықтырған сұрақтарға толық жауаптар берді: педагог қызметкерлерді аттестаттау ережелері, қоса атқарушылардың еңбегіне ақы төлеу, кезекті еңбек демалысы күндерінің санын ұсыну, білім беру саласындағы біліктілігі жоқ еңбек қызметкерлеріне емдік жәрдемақы төлеу және т.б.
Осы уақытта Аққулы ауданының Садуақас Сатыбалдин атындағы орта мектебіне барып, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрайымдарларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында оқыту семинар ұйымдастырылды. Шараның модераторы - Арынова Алма Файзрахманқызы, «Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ оқу –әдістемелік және персонал жұмысы бойынша бас маманы. Шараның басталуы мектеп мұражайынан басталып, мұражай жетекшісі Шұғанов Жанат Бекенұлы қонақтарға саяхат жүргізіп өтті.
Арынова Алма Файзрахманқызы - өз сөзінде ҚБ ұйымдастырған іс-шаралардың өзектілігін атап өтті, «Жаңа Қазақстан – Жаңа кәсіподақ» білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағын дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде кәсіподақ жұмысындағы негізгі бағыттарға егжей-тегжейлі тоқталып, SMART –презентациясымен таныстырды.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мағзұмов Талғатбек семинар қатысушыларға мектептің кәсіподақ жұмысын бейне фильм арқылы өз нәтижелері мен көрсеткіштерімен бөлісіп көрсетті.
Кәсіподақ көшбасшылары өз шығармашылық жағынан белсенді қатысып, семинардың модераторлары Серікбаев Әсет Бақытжанұлы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Павлодар қаласының инновациялық үлгідегі №34 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ тарих және құқық мұғалімі және Серғалина Мадина Заркешқызы – «Павлодар қаласының Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ағылшын тілі мұғалімі «Brain storm. Миға шабуыл - зияткерлік зарядтау» интеллектуалдық жаттығуларын өткізіп, одан басқа ең керемет әсер алған арт –терапиядан тренингті өткізген Наурзбаевой Зинара Сурагановна, Павлодар қаласының № 15 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі.
Іс – шараның бағдарламасы сонында ең белсенді қатысушыларға сертификаттар табысталды. Атап өту керек, облыстық кәсіподақ «KASIPODAQ KERUENI» жобасы Аққулы ауданында Кәсіподақтың ұйымдық бірлігін нығайтуға бағытталған. Кәсіподақ мүшелерінің белсенділігін арттыру (әсіресе жас мамандардың)және жас мамандардың бастамаларына қолдау көрсету. Ал болашақта бұл ұзақ мерзімді жоспарлау мен келешекке бастауыш кәсіподақ ұйымдарына негіз болады.
Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі