ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНҒА – ЖАРҚЫН ҚАДАММЕН!
1981 жылдан бастап әлем бойынша 25 қараша зорлық-зомбылыққа қарсы күні деп аталып келген. Ал БҰҰ Ассамблеясы 1999 ж.17 желтоқсанда 25 қараша әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің халықаралық күні деп жарияланды. Осы күні елімізде жыл сайын «Зорлық-зомблыққа қарсы 16 күн», «Зорлық-зомблықтың алдын алайық!», «Зорлық-зомблықсыз әйел!» тақырыптарында дөңгелек үстел және пікір-талас отырыстары өткізіліп келеді. Соның ішінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық барлық қоғамда кездесетін жағдай. Осы орайда Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымының Мұнайлы аудандық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен «Жаңа Қазақстанға-жарқын қадаммен!» тақырыбында №4 «Балапан» бөбекжайының базасында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында №4 «Балапан» бөбекжайының бастауыш кәсіподақ төрағасы А.Беккалиева қоғамда зорлық-зомблықтың алдын-алып, болдырмау үшін қалай күресу керек екендігі туралы баяндама оқылып, қатысушылар тарапынан әр түрлі сұрақтар қойылып, пікір-талас жүргізілді.
Шара соңы педагог-психолог А.Амантурлиеваның ұйымдастыруымен «Жақсы көңіл күй –жан жылуы!» атты психологиялық тренингпен аяқталды.
Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық филиалы.