ШӘКІРТ ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ ТАПҚАН
Қарақия ауданының орталығы Құрық ауылындағы «№1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалiмi, бiрiншi санатты ұстаз Аймағанбетова Бағдагүл Қожабекқызы 1965 жылдың наурыз айының 13-шi жұлдызында Ақтөбе облысы, Ойыл ауданындағы Саралжын ауылында дүниеге келген. Мектепке дейiн ата-анасының тәрбиесiнде болған ол кейiн сол ауылдағы орта мектептi 1982 жылы табысты бiтiрiп, өзi оқыған мектепте еңбек жолын бастайды. 1990 жылы тұрмыс құруына байланысты, Маңғыстау облысының, Қарақия ауданы, Құрық кентінде еңбек жолын жалғастырады.
Қазiр 30 жылдан астам еңбек етiп келе жатқан Бағдагүл апай шәкірттерге сүйікті ұстаз, әрiптестерiне қадірлі маман, балаларына ақ жүрек ана. Бағдагүл Қожабекқызы оқытқан шәкірттер мектептегі ең үздiк оқушылар қатарына жатады. Әр сөзiн байыппен сөйлейтiн, жайлы маман балалардың жүрегінен орын ала білген, олармен өзара қарым-қатынас тiлiн таба бiлген тәжірибелі ұстаз. Сондықтан оны шәкiрттерi де, олардың ата-аналары да мақтан тұтады.
Мектеп ұжымы арасында да жас мамандарға қамқор, үлкенге көмекшi бола бiлген Бағдагүл Кожаевнаның орны ерекше. Баламен жеке жұмыстарға ерiнбейтiн еңбекқор, бiлiмдi, тәжірибелі ұстаз екенiне әрiптестерi мен ата-аналар көз жеткізді. Оның өткiзген ашық сабақтарының мəнi мен мазмұны қашанда оған қатысқандарды ерекше әсерге бөлемей қойған емес. Күнделiктi сабақтарын түрлендіріп, зор iзденiспен, үлкен дайындықпен келетiндiгiн оқытқан оқушыларының алған бiлiмдерi дəлелдегендей.
Бағдагүл Қожабекқызы бала санасына күнделiктi сабақта қолданатын танымдық және ұлттық ойындар арқылы әсер етеді. Оның әр апта сайын өткізген тәрбие сағаттары әрбір шәкірттің жүрегiнде жаттаулы, көңілiнде қаттаулы екендiгiнде дау жоқ.
Баланы оқыту мен тәрбиелеу ісінде шығармашылықпен iздене алатын, сабырлы да мейiрiмдi, бiлiмдi де жұмыскер Бағдагүл Қожабекқызының еңбегiн мектептегі жас мамандар өзіне үлгі етеді.
1997-2005 оқу жылдары аралығында мектептің бастауыш сыныптар бойынша оқу iсiнiң меңгерушiсi қызметiн абыроймен атқарды. Ол қазір де бастауыш сыныптарда оқытудың тиімділігін арттыру жолында ерінбей еңбектенiп келедi.
Багдагүл Қожабекқызы осы кезде «Оқушыларға қазіргі заман талабына сай жан-жақты бiлiм беру, оқушының ойлау қабілетін арттыру, сөздік қорын дамыту» деген мәселе бойынша тәжiрибе жинақтап келедi. Онын ұстаздық жолдағы әрбір жақсы iстерi еленбей қалган жоқ. Мектеп ұжымының, аудандық, облыстық білім беру ұйымдарының «Алғыс хаттарымен» марапатталған. Тәрбиелеген шәкірттері қазiр елiмiздiң әр түпкірінде әртүрлi мамандықтар бойынша абыроймен еңбек етiп жүр. Бұл күнде Аймаганбетова Бағдагүл оқушыларға сапалы бiлiм, саналы тәрбие беру жолында сүйiктi жұмысын жалғастыруда.
Н Төлесін,
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық селосының №1 жалпы білім беретін мектептің бастауыш кәсіподақ төрайымы.