КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІН ЦИФРЛАНДЫРУ:РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР АТЫРАУДА ӨТКІЗІЛДІ
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағын дамытудың «Жаңа Қазақстан – Жаңа кәсіподақ» атты тұжырымдамасын жүзеге асырудағы инновациялық қозғалыстың бір бағыты – кәсіподақ жұмысын цифрландыру.
Ұйымдарда жаңа идеяларды қалыптастыру үшін осы айдың 17 қараша күні Атырау облысының кәсіподақ көшбасшылары мен есепшілері үшін «Кәсіподақ ұйымдарында іс жүргізу: электрондық құжат айналымы» тақырыбында республикалық семинар өткізілді.
Аталмыш жиынға «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің жауапты өкілдері, салалық ұйымның қалалық, аудандық филиал төрағалары мен аппарат мүшелері, есепшілері және облыстағы бірнеше бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары қатысты.
Семинарға қатысушылар алдында «Avalon-Service Astana» қазақстандық жетекші IT компаниясының өкілдері – Тынбаев Нұрсейіт Абайұлы мен Серікбаева Алма Абылайқызы теориялық дәріс оқып, практикалық сабақ өткізді.
Тыңдаушылар тарапынан түскен сұрақтарға компания өкілдері жауап беріп, кәсіподақ жұмысын цифрландырудың тиімді жолдарын ұсынды.
Кездесу соңында «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы, тыңдаушылар Клара Киматова, Майра Омашева және т.б. астаналық қонақтарға мазмұнды дәрістеріне ризашылық сезімдерін білдірді.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіпітік одағы» ҚБ баспасөз қызметі