Келісім комиссиясы еңбек дауларын шешудің тиімді құралы ретінде
Бүгін, 15 қарашада, Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің базасында кәсіподақ ұйымының "Келісу комиссиялары, еңбек даулары және оларды шешудің тиімді әдістері" тақырыбында аудандық семинар өткізілді.Семинарға Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Наурызбаева Г.Ә., заңгер Жаркенова Г.О., Баянауыл аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Нығметова А.Ж. және аудан мектептерінің кәсіподақ ұйымының төрайымдары, келісу комиссиясының мүшелері (әкімшілік және кәсіподақ тарапынан)қатысты. Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Наурызбаева Г.Ә."Жаңа Қазақстан-жаңа кәсіподақ'" тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді, Келісу комиссиясының құрылу рәсімі мен жұмысы айтылды, бас маман, заңгер Жаркенова Г.О. еңбек дауларын шешу кезінде медиацияны қолдану, қолданыстағы әдістемелер мен келіссөздер арқылы даулы жағдайларды кезең-кезеңмен шешу тәртібін айтты. Сонымен қатар, білім беру қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғау үшін кәсіподақтардың маңыздылығы атап өтілді.Семинар соңында қатысушылар Гульшат Ораловнаға сұрақтар қойып, сұрақтарына толық жауап қайтарылды және барлық қатысушыларға сертификат табысталды.
Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі