МАҢҒЫСТАУДА КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІН ЦИФРЛАНДЫРУҒА ҚАТЫСТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
2022 жылғы 14-15 қараша күндері Маңғыстау облысының кәсіподақ көшбасшылары мен есепшілері үшін "Кәсіподақ ұйымдарында іс жүргізу: электрондық құжат айналымы" тақырыбында республикалық семинар өткізілді.
«Жаңа Қазақстан – Жаңа Кәсіподақ» тұжырымдамасы аясында Маңғыстауда өткен семинар цифрландыруға тәжірибе және білім алмасуға септігін тигізді.
Семинарға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің Маңғыстау облыстық кәсіподағының, "Avalon-Service Astana" қазақстандық жетекші IT компаниясының өкілдері, Маңғыстау білім беру кәсіподағының аудандық, қалалық филиалдарының төрағалары мен аппарат мүшелері, кәсіподақ активі және Маңғыстау білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы атқару комитетінің мүшелері қатысты.
Семинарға қатысушылар алдында Маңғыстау облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Баймбетова Тарбия Анайбекқызы "Авалон Сервис Астана" IT компаниясының директоры-Тынбаев Нұрсейіт Абайұлы мен Серікбаева Алма Абылайқызына барлық кәсіподақ мүшелері атынан алғысын білдірді.
Маңғыстау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы