ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЛАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН-ЖАҢА КӘСІПОДАҚ» АТТЫ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ – «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» ҚҰРУ НЕГІЗДЕРІНІҢ БІРІ
Кәсіподақтар үйінде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының кезекті Пленумы өтті. Пленумға қалалық, аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, облыстың білім және ғылым ұйымдарының басшылары, педагогикалық еңбек ардагерлері қатысты.
Пленумның күн тәртібіне қойылған басты мәселе - Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің, оның филиалдарының «Жаңа Қазақстан-Жаңа кәсіподақ» Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағын дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі міндеттері. Пленумға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының ұйымдастыру-кадрлық және халықаралық жұмыс бөлімінің басшысы Ернар Иманбаев, құқықтық еңбек инспекторы Айдарбек Бектабанов қатысты. Олар Пленум қатысушыларын Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының қызметі туралы хабардар етті. Сондай-ақ, бүгінде Кәсіподақтардағы инновациялық қозғалыстың негізгі трендтері цифрландыру, кәсіподақ сервисінің жылдамдығы мен сапасын арттыру, кәсіподақ жүйесінің икемділігін арттыру, кәсіподақтар іс-әрекетіндегі жаңа тәсілдер болып табылатынын атап өтті. Облыстық кәсіподақ төрағасы Алмагүл Ракишева өз сөзінде Қарағанды облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы қызметінің басты басымдықтарына тоқталды. Тез өзгеріп жатқан әлемде кәсіподақтар кәсіподақтың тұрақтылығы мен бірлігін сақтау мәселелерін шешудің жаңа нұсқаларын табуы қажет екендігіне баса назар аударды. Жарыссөзде Нұра ауданы Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Жанарыс Елтай, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің оқытушылары мен қызметкерлерінің кәсіподағының төрағасы Назым Алпысбаева, Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы жанындағы "Келешек" жастар кеңесінің төрағасы Аймира Баграмова, бөбекжай директорының міндетін атқарушы Зибагүл Нығметова - «Бәйтерек» Қарағанды қаласының бөбекжайы, Бұқар жырау аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Эльвира Хамитова, Саран қалалық білім қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы Алексей Ульянов, Теміртау қаласы Ғазиза Жұбанова атындағы БММ директоры Инна Тихомирова сөз сөйледі. Пленум іскерлік, сындарлы жағдайда өтті. Пленумға қатысушылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында Қазақстан халқының алдына қойылған міндеттерді табысты іске асыру бойынша облыстық кәсіподақтың мақсатты жұмысын атап өтті.
«Жаңа Қазақстан - жаңа кәсіподақ» Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағын дамыту тұжырымдамасын іске асыру және кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау жөніндегі кәсіподақ органдары қызметінің тиімділігін арттыру бойынша «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымы» ҚБ іс-қимыл стратегиясы айқындалды. Пленум Білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподағының Атқару Комитеті мен Пленумының құрамына әртүрлі себептермен кейбір мүшелердің шығуына байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Пленум соңында облыстың үздік кәсіподақ белсенділерін марапаттау рәсімі өтті. «№16 жалпы білім беретін тірек мектебі» КММ кәсіподақ комитетінің төрағасы Елена Васенева, Қарқаралы ауданының «Көктас ауылының №4 жалпы білім беретін тірек мектебінің» директоры Даниял Тұрсынбаев, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің үштілділік орталығының жетекшісі Нұрлыбек Әубәкіров, педагог Қарағанды қаласының оқушылар сарайына қосымша білім беру педагогы Вера Ким «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Құрмет грамоталарымен: Әлихан Бөкейхан ауданының білім беру қызметкерлері кәсіподақ комитеті филиалының төрағасы Меруерт Хасенова, Қарақаралы аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымы филиалының төрағасы Азамат Секербайұлы марапатталды.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен: Бұқар жырау ауданының «Ақбота» бөбекжай-бақшасының кәсіподақ төрағасы Нұргүл Әшірбекова, Бұқар жырау ауданының Шешенқара жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Алтынай Төлеухан, Қарағанды техникалық университетінің «технологиялық жабдық, машина жасау және стандарттау» кафедрасының аға оқытушысы Дархан Жүніспеков марапатталды, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің бөлім меңгерушісі Татьяна Зоркальцева, Теміртау қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Маргарита Бикмухаметова, Теміртау қаласының «Нұрай» бөбекжайының директоры Елена Бойкова, Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының кәсіподақ комитетінің төрағасы Рысты Шаяхметова, Нұра ауданының кәсіподақ ұйымының төрағасы Адамбай Мұстафин, Қазыбек би кәсіподақ ұйымы филиалының есепшісі Әсел Хасенова, Әлихан Бөкейхан ауданының білім беру қызметкерлері кәсіподақ комитеті филиалының есепшісі Наталья Попова, Теміртау қаласының №9 жалпы білім беру лицейінің шаруашылық меңгерушісі Гавхар Примбетова марапатталды.
Қарағанды облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен әлеуметтік серіктестер - Қарағанды қаласының білім беру ұйымдарының басшылары: «Нәзік» Светлана Петрова, «Толағай» бөбекжай-балабақшасының директоры Ардақ Сыздықова, «Балдырған» бөбекжай-балабақшасының директоры Айнұр Тұрсынова, «Алтын бесік» бөбекжай-балабақшасының директоры Ләззат Сүлейменова, «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасының директоры Баян Мұхтарова, «Алтынай» бөбекжай-балабақшасының директоры Ботакөз Серікбаева, «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының директоры Арайлым Қалибекова, бөбекжай-бақшасының директоры және кәсіподақ белсенділері: №97 гимназияның кәсіподақ комитетінің төрағасы Марина Бутузова, №27 жалпы білім беретін мектептің кәсіподақ комитетінің төрағасы Салтанат Ашкарбекова, Оқушылар сарайының дыбыс жазу студиясының меңгерушісі Вадим Боев, Бұқар жырау ауданы Байқадам жалпы білім беретін мектебінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Гүлнара Махметова, Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Зауреш Түсіпова марапатталды.
КӘСІПОДАҚТАР ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚОЛДАЙДЫ! ЕЛІМІЗДІҢ ЗАҢНАМАСЫ СӨЗБЕН ЕМЕС ІС ЖҮЗІНДЕ САҚТАЛАТЫН ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚОЛДАЙМЫЗ!
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы» ҚБ