ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА!
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымының ұйымдастыруымен Мұнайлы ауданы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына «Автоматтандырылған ақпараттық жүйеге көшуге және кәсіподақ мүшелерін есепке алудың бірыңғай электрондық базасын құруға байланысты» және «Сала ұйымдарындағы еңбекті қорғау жағдайы және еңбек қауіпсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы» тақырыптарында семинар өтті.
Семинардың жоспарына сәйкес Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облысы ұйымының төрағасы Баймбетова Тарбия Анайбекқызы жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлерді кәсіподақ құрамына тарту жөніндегі жұмысты күшейту мен автоматтандырылған ақпараттық жүйеге көшу және статистикалық есептер сапасын жақсарту мақсатында кәсіподақ мүшелерінің бірыңғай электронды базасы жасақталатындығы туралы түсінік берді.
Барлық кәсіподақ мүшелерін 20 қарашада өтетін ҚР Президентінің сайлауына қатысуда белсенді азаматтық ұстаным көрсетіп, лайықты кандидатқа дауыс беруге шақырды!
Семинарға 30 бастауыш кәсіподақ төрағасы қатысып, кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облысы ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Р.Текеева,
Мұнайлы аудандық филиалының төрайымы.
Маңғыстау облысы.