МАҢҒЫСТАУДА ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
2022 жылдың 1 қараша күні Ақтау қаласында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің бастауымен «Жаңаша көзқарастағы кәсіподақ» атты облыстық семинар өтті. Оқыту семинары Қарақия аудандық кәсіподақ бастауыш төрағалары үшін өткізілді.
Семинардың пленарлық бөлігін «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ төрайымы Баймбетова Тарбия Анайбековна ашып, қатысушыларды "Жаңаша көзқарастағы кәсіподақ" Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағын дамыту тұжырымдамасының негізгі бағыттары туралы таныстырды.
Жаңа тұжырымдаманы іске асырудың және кәсіподақ жұмысындағы бағыттарды жетілдірудің негізгі аспектілерін қамтыды. Т.Анайбекқызы салалық кәсіподақ қозғалысының даму көзқарасымен бөлісті; оны дамытудың негізгі қағидалары мен тәсілдері; облыстық кәсіподақ ұйымы жұмысының нормативтік – құқықтық құрылымын одан әрі жетілдіру мәселелерін қозғады.
Қатысушыларға ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Бірлік.Әділеттілік.Даму» форумында өткен сайлауалды Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел Президенті лауазымына кандидатурасы біздің талаптарымыз бен үміттермізге жауап беретіндігін айта кетті. Сонымен қатар «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» бекіткен Кеңесте «Жаңа Қазақстан-Жаңа Кәсіподақ» тұжырымдамасын таныстырып, соны басшылыққы ала отырып жұмыстануды атап өтті.
Семинарды "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы" ҚБ техникалық инспекторы Данабай Әлпеш Үскінбайқызы жалғастырып, білім беру қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы, Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың міндеттері мен құқықтары және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы айтты.
Одан әрі "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы" ҚБ маманы Сарсенгалиева Лаура Дулатқызы. бастауыш кәсіподақ мүшелерін автоматтандырылған ақпараттық жүйеге көшуру және кәсіподақ мүшелерін есепке алудың бірыңғай электрондық базасы туралы жалпылама мағлұматтармен бөлісті.
Семинар барысында қойылған түрлі сауалдарға толық жауаптар берілді.
“Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы”ҚБ