ЕРТЕҢГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ БОЛМЫСЫ – ҰСТАЗДЫҢ БҮГІНГІ ТӘЛІМІНДЕ
Ұрпақ тәрбиелеуде бастауыш сынып мұғалімдерінің жауапкершілігі орасан зор. Бүгінгі бірінші сынып есігін жасқана ашқан әрбір бүлдіршін-ол ертеңгі қоғам иесі. Сондықтан бірінші күннен бастап сапалы білім мен саналы тәрбие беру бастауыш сынып ұстазының бірден бір қағидасы болып табылады.
Осынау жауапты маман иелерінің алғашқы тобын биылғы жылы да дәстүрімізден жаңылмай еңбектерін бағалау, қолдау, мадақтау мақсатында «Бір көлік» шипажайындағы 31 қазан - 8 қараша аралығына жоспарланған сауықтыру демалысына шығарып салдық.
2021-2022 оқу жылында шәкірттері еңбектерін ақтап, «Алтын белгі» иегері атанған сала қызметкерлері жоғары көңіл – күймен демалысқа аттанды. Жалпы биылғы жылы үздіктерді тәрбиелеген ұлағаттыларымыздың саны – 247 ұстазды құрады. Оларды 2 ауысымға бөле отырып 5 күндік демалыс кестесін әзірледік.
Құрметті ұстаздар! Денсаулықтарыңызды нығайтып, алдағы уақытта үздіктер дайындауға серпіліс берер жақсы демалыс болсын деп тілейміз. Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен Алғыс айтамыз.
Қызылорда облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымы