ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ БАЙҚАУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Сәкен Ғұмаров атындағы балалар сурет мектебінде қалалық білім беру бөлімінің технология, бейнелеу өнері әдіскері Нұрбану Рақышованың ұйымдастыруымен 25 қазан — Республика күніне арналған «Жаңарған өлкем» атты көркем еңбек, бейнелеу өнері пәндері мұғалімдерінің сурет байқауы өткізілді.
Байқау БҚО Орал қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалының қолдауымен өтті.
Қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес байқау өткізудегі мақсат – мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру, тәжірибе алмасуына бағыт – бағдар беру, ақпараттық технологияларды пайдаланып, шығармашылықпен жұмыстануына қолдау көрсету, жаңа форматтағы оқу бағдарламаларын шығармашылық жұмыстарға пайдаланудағы шеберлігін анықтау және тың тақырыптардың тәжірибемен байланысуы.
Барлық байқауға қатысушылардың ұсынған жұмыстардың орындалу стилі мен бағыттары бойынша ерекшеленіп, техникалық тұрғыда өте ұқыпты жасалғанымен, қазылар алқасының әділ шешімімен «үздік» деп танылған жұмыстар жоғары бағаланып, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда, жүлделі ІІІ – орын иеленгендер: Әлихан Тілеш (№14 ЖОББМ), ІІ – орын: Ербол Галимов (Вальдорф бағытындағы мектеп - гимназиясы), Айнагул Сармуканова (№ 39 ЖОББМ) иеленді.
І – орын Жақсылық Ергалиевке (А.Тайманов атындағы №34 мектеп - гимназиясы) бұйырып, бас жүлдені Нұрлан Қабасов Круглоозерный ЖОББМ) жеңіп алды.
Қазылар алқасы мүшелері қатарында №12 ЖОББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, өз ісінің маманы, тәжірибелі ұстаз Айман Нагиметова төрелік етті.
Қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Нұрбану Рақышова, ҚБББ география, биология, химия пәндері әдіскері Салтанат Кажгалиева, қалалық секция жетекшісі Елдос Жусупкалиев сөз сөйлеп өз мамандықтарын сүйіп, шығармашылықтарын шыңдау үшін үнемі ізденіс үстіндегі өз ісінің шеберлері бола білген бүгінгі байқауға қатысушыларға алғыстарын білдірді.
БҚО Орал қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалы атынан маман Айнур Таутенова байқауды ұйымдастырушылар мен байқауға қатысушы мұғалімдерді құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
Барлық қатысушылар қалалық білім беру бөлімі және қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының дипломдары, алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.