«ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ - 2022» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
Қызылорда облыстық білім басқармасының 2022 жылғы 07 ақпанындағы №17-нқ/1, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық ұйымының №24 - нқ кәсіби байқаулар туралы бірлескен шешіміне сәйкес, ү. ж. 14 -қазан күні Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен әлеуметтік педагог мамандарына «Үздік әлеуметтік педагог-2022» облыстық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз кәсіптік біліктілігін көрсете алатын әлеуметтік педагогтарды анықтау, қолдау және мадақтау болып табылады.
Байқау 4 кезеңнен бойынша өткізілді.
І кезең: Үміткерлердің өзін-өзі таныстыруы;
ІІ кезең: «Менің жұмыс тәжірибем» өз іс - тәжірибесін көрсету;
ІІІ кезең: «Профессионалдық калейдоскоп» сұрақ-жауап;
ІVкезең: «Әдістемелік сандықша» авторлық бағдарлама, элективті курс әдістемелік құрал және т.б.
Қазылар алқасының құрамы:
Жұбатқанов Ербол Жүнісұлы - Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының заңгері;
Раханова Нұржамал Сексенәліқызы – «Әлеуметтік педагогикалық қызмет» бөлімінің меңгерушісі;
Қиынбаева Меруерт Сәбитқызы - М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің әлеуметтік педагогы;
Тұматова Қалдан Темірбекқызы – Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының әлеуметтік педагогы.
Байқауға 7 үміткер қатыстырылып, байқау нәтижесінде:
І - орын иегері Қазалы ауданы, № 90 орта мектебінің әлеуметтік педагогы Жалмаханова Назым;
ІІ - орын Қармақшы ауданы, № 109 орта мектебінің әлеуметтік педагогы Байтанатова Ақмарал;
ІІІ - орын Қызылорда қаласы, № 264 мектеп - лицейінің әлеуметтік педагогы Абдуллаева Маруа.
Байқау жеңімпаздары Қызылорда облыстық білім басқармасы мен Білім кәсіподағының бірлескен дипломдарымен және кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Қызылорда облыстық білім және ғылым
қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы