ОРАЛДА ЕҢБЕК КҮНІНЕ ОРАЙ ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы, Орал қалалық комитеті – Филиалының ұйымдастыруымен қалалық білім беру мекемелерінің кәсіподақ төрағаларының қатысуымен «Әділ еңбек ақысы ұранымен» тақырыбындағы дөңгелек үстелі өтті.
Дөңгелек үстелді Орал қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Т.Талгатұлы ашып, бұл шараның мақсаты - Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының мүшелік ұйымдары арасында тәжірибе алмасу және Жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы лайықты еңбек пен лайықты еңбек ақы жүйесін нығайту екенін айтты.
Шараға арнайы шақыртумен Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы – Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы – У.Жунусов және Орал қалалық білім беру бөлімінің заңгері – А.Пионеров қатысып, ұжымдарда еңбек даулары, еңбек ақы, еңбек қатынастарына қатысты көптеген сұрақтарға жауап беріп, ҚР заңнамаларында болып жатқан өзгерістермен таныстырды.
Шара соңында Орал қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Т.Темешев бүгінде еңбеккерлерді әлеуметтік қорғаудың деңгейі көтеріліп, еңбек қатынастары туралы ұлттық заңдарымызды жетілдірілуде кәсіподақтардың орны үлкен екенін айтып, еліміздің даму жолында күш-жігерін жұмсап, мәртебесін арттыру жолында елеулі еңбек етіп жүрген кәсіподақ төрағаларына алғыс білдірді.
БҚО ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІ – ФИЛИАЛЫ