АҚТАУДА АЛҒАШ РЕТ «МҰҒАЛІМДЕР БАРЫСЫ» ӨТТІ
Мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған спорттық додада Ақтау қаласы мектептері бойынша 40 мұғалім мен 25 оқушы өзара бақ сынап, мықтылар анықталды.
Бұл аймақ мұғалімдері арасында қазақ күресінен алғаш ұйымдастырып жатқан жарыс.
Жарысқа қонақ ретінде Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығы директоры Әли Қабақов, қалалық білім бөлімінің әдіскері Болат Наушин, қалалық кәсіподақ ұйымы, Маңғыстау облысы бойынша "Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің тобы" ардагерлері Республикалық қоғамдық бірлестіктігінің филиалы ардагерлері А.Молдыбаев, Ж.Мырзағали, А.Жайлыбаев, Ұ.Дүйсенбай және жергілікті ақын Ф.Мусаев, қоғам белсендісі М.Айшуақ қатысты.
Ұлттық ойын қазақ күресін насихаттау, одан әрі дамыту мақсатында өткен шараға демеушілік жасаған «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық» ҚБ Ақтау қалалық филиалының төрайымы К.Енсегеноваға және ардагерлерге алғыс білдіреміз.
30 келі салмақ дәрежесінде 1- орын "Барыс-2022" белгісімен №19 мектеп гимназия оқушысы Берекет Нұрғалым иеленсе, 80 келі салмақ дәрежесінде белдескен IT мектеп-лицейінің мұғалімі Серік Бөкенбаев І орын алып, «Барыс-2022» атағын иеленді,
2-орын №19 мектеп гимназия оқушысы Берекет Нұрасыл, 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде күрескен балуан мұғалімдер арасынан 19 мектеп-гимназиясының мұғалімі Ерлан Серіков үздік шығып, «Барыс-2022» белбеуін алды.Барлық жеңімпаздарды Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы сыйлық сертификаттармен марапаттады.
Алдағы уақытта бұл жарыстың ауқымын кеңейтіп, облыстық және республикалық деңгейге жеткізу жоспары бар.
Ж.Орынбасаров,
Ақтау қаласы, 19 мектеп гимназиясының денешынықтыру пәнінің мұғалімі.