ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК – ТИІМДІ ЖҰМЫС ТЕТІГІ
Кәсіподақтар үйінде Қарағанды облысының білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті.
Комиссия жұмысы еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша, сондай-ақ білім беру мекемелерінің қызметкерлері үшін әлеуметтік кепілдіктердің неғұрлым жоғары деңгейін белгілеу мәселелері бойынша еңбек шарты тараптарының мүдделерін келісуге бағытталған.
Отырысқа Салалық кәсіподақтың Қарағанды облыстық ұйымының өңірлік комиссия мүшелері (Төраға - Алмагүл Ракишева) қатысты: Марал Қашенова - Қазыбек би аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы, Адамбай Мұстафин – Нұра аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы, Эльвира Хамитова – Бұқар жырау аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы, Алемгүл Жакулова- Қарағанды облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы, Татьяна Миллер - Қарағанды облыстық ұйымының құқықтық еңбек инспекторы, Жасұлан Шайкин – Осакаров аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы және "Қарағанды облысының білім басқармасы" ММ әлеуметтік серіктестер тарапынан (жетекшісі - Гүлсім Қожахметова) қатысқандар: Гүлбахыт Жүнісова – Қарағанды облысының білім басқармасы басшысының орынбасары, Нұрлышат Есенова-Қарағанды облысының білім басқармасының мемлекеттік бағдарламаларды орындау, ұйымдастырылған жұмыстар мен құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, Мейрамгүл Есенжолова – педагогикалық қызметті дамыту бөлімінің бас маманы қатысты.
Отырыста комиссияның жұмыс жоспары талқыланып, Қарағанды облысының білім беру саласындағы әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған өңірлік келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Алмагүл Ракишева комиссия мүшелерін әлеуметтік әріптестікті дамыту жөніндегі облыстық кәсіподақтың жұмысымен таныстырды.
Комиссия мүшелері әлеуметтік әріптестікті дамытудың, сала мәселелерін шешуде кәсіподақ мүшелерін қорғау мен қолдаудың, қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтаудың және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасаудың тиімді жолдарын талқылады.
Отырыс сындарлы және іскерлік жағдайда өтті.
Отырыс соңында Алмагүл Ракишева жыл сайын 10 қазанда атап өтілетін Қазақстанның Кәсіподақтар күнімен құттықтап, зор денсаулық, табыс тіледі.