КӘСІПОДАҚ ҰСТАЗДАРМЕН БІРГЕ
Маңғыстау облысында Ұстаздар және Қазақстан Кәсіподақтары күніне арналған «Жаңарған Қазақстанда – Кәсіподақ Ұстаздармен бірге!» тақырыбында салтанатты мерекелік шарасы өтті.
Фойеде көңілді әуендер ойналып тұрды. Ресми қонақтар мен шақырылған ұстаздар орындарына орналасқаннан кейін жүргізушілер ортаға шығып, салтанатты кешті бастап та кетті.
Құттықтау сөздерімен Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Тұржанова Айжақсы Жылқыбайқызы,
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігінің» төрайымы Баймбетова Тарбия Анайбекқызына сөйледі.
Тарбия Анайбекқызы ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген ізбасарларына ізеттігін аямайтын, ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагер ұстаздардың орны ерекше екенін атап өтті.
Білім саласында белсенді қызметтерімен танымал болған, ардагер ұстаздар, кәсіподақ қозғалысының ардагер көшбасшылары, қазіргі таңда зейнеткерлер - Ақжанова Дина Жұптұрғанқызы мен Кашиева Ақмоншақ және «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығының филиалы, Маңғыстау облысы бойынша Педагогикалық Қызметкерлерінің Біліктілігін Арттыру Институтының мұғалімі мен кәсіподақ төрайымы лауазымдарын қоса атқарған Бактиярова Кибат Шайхатқызына гүл шоқтары мен сый-сияпаттар табысталды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Әлеуметтік әріптестік» жылы аясында, Облыстық кәсіподақпен біріккен Әлеуметтік іс-шаралардың жүзеге асуына белсенді атсалысып қолдау көрсетіп жүрген, Кәсіподақ қозғалысының өрістеуіне ықпал етіп жүрген Әлеуметтік әріптестер және кәсіподақ көшбасшылары, жас мамандар Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Құрмет грамотасымен», «Алғысымен», «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен», «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» Белгісімен, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды..
Кеш соңы мерекелік шағын концерттік бағдарламаға ұласты.
Облыстық білім беру мекемелері басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, белсенді кәсіподақ ұйымының жастары ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіре отырып, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік - экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы белсенді қызметтеріне сәттілік, шығармашылық табыстар тілеп тарқасты!
«Қазақстандық салалық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының
Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ