ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ – ҰЛТ МЕРЕЙІ
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ұстаз – әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі жұмыс» - дей келе «Бүгінде IT мен биотехнология саласындағы революциялар адамзаттың өмірін өзгертуде. Сондықтан білім беру жүйесі жаңа өмірге тез бейімделуі қажет» - деп атап өткен болатын.
Балалардың креативті әлеуетін дамытумен айналысатын, сандық технологиялар мен нақты ғылымдар әлеміне бастайтын ұстаздар қауымы осы талап үдесінен көріну үшін жаңашылдықпен еңбек етіп келеді. Алғаш әліппені үйреткен сәттен бастап заманауи білім нәрімен сусындататын ұстаз атын қанша ұлықтаса да артық болмас.
Қызылорда қаласындағы Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында ұстаздарға арналған салтанатты шара болып өтті. Қызылорда облысы әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы барша ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтап, білім беру саласынының дамуына қосқан еңбектері үшін түрлі деңгейдегі марапаттар табыс етті.
Атап айтқанда:
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің “Алтынсарин”,Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгілерімен, “Еңбек ардагері” медалімен;
Өз атынан Құрмет грамота және Алғыс; “Қызылорда облысының білім беру саласын дамытудағы еңбегі үшін
жергілікті ерекшілік белгісімен” марапаттады.
ҰБТ көрсеткішінен Республика көлемінде «ҮЗДІК 100 МЕКТЕП» қатарына енген және Үздік білім беру ұйымдарының Педагогтарына бағалы сыйлық – НОУТБУК, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дархан ұстаздарымызға «Ықылас гүлін» табыс етті.
Халық батыры Бауыржан Момышұлы «Өмірге ұрпақ әкелген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» - деген екен.
Бүгінгі марапат та, барша құрмет те Сіздер үшін Ұстаздар!Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!
Қызылорда облысы білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымы