ЕҢБЕК ТҮБІ – БЕРЕКЕ!
«Адамды адам еткен – еңбек» десек, қоғамдық қатынастар өзгерген қазіргі кезде еңбек адамын бағалау басты парыз.
Жаңаөзен қаласының №10 орта мектебінің кіші қызметкері Гүлжан Малманова мектепте 2015 жылдан бері еңбек етеді. Ол өз ісіне тиянақты, жауапкершілігі мол, еңбекқор жан. Өзінің қарапайымдылығымен ұжымдастары арасында сыйлы.
Мектептегі бастауыш кәсіподақ ұйымы ұйымдастыратын түрлі шараларға белсене қатысатын ол ұстаздармен бірлікте тазалықтың бала денсаулығының кепілі екенін айқын түсініп, өз ісін үлкен жауапкершілікпен атқарады. Отбасында жолдасы екеуі екі бала тәрбиелеп отыр.
Гүлжан Қожамқұлқызы Малманова адал еңбегімен өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына өз үлесін қосып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстанда еңбекқор адам ең сыйлы адам болуға тиіс» деп атап өткендей, Гүлжан Қожамқұлқызының қажырлы қызметі жас ұрпақты адал еңбекке баулып, көпке үлгі болары хақ.
К.Тастанбекова,
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №10 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.