ҰСТАЗ БАҚЫТЫ – ШӘКІРТ ҚҰРМЕТІ
2022 жылдың 3 қазанында Павлодар облысы білім басқармасының және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымының бастамасымен қарттар күні мен мұғалімдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өткізілді, оның басты қатысушылары педагогикалық еңбек ардагерлері болды. Әр ардагерге ақшалай сыйлықтармен атаулы құттықтау хаттары, гүл шоқтары табыс етілді.
Павлодар облысы білім басқармасының басшысы Самал Оспанқызы Айтқазина, Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағы Павлодар облыстық ұйымының төрайымы Гүлбарам Әуезханқызы Науразбаева құттықтау сөздерінде қатысушыларға Павлодар облысының білім беру жүйесі мен кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.
Құрметті қонақтардың қатарында педагогикалық еңбек ардагері, РФ Алтай өлкесі Благовещен ауданының Байғамут ұлттық қазақ орта мектебінің директоры Сапарбек Шайхимұлы Маусымбаев болды. Сапарбек Маусымбаев өз сөзінде Павлодар облысының әріптестерімен бұрыннан келе жатқан достық, өткізілетін іс-шаралардың жалпы тарихы және ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығы туралы атап өтті.
Мерекелік іс – шара концерттік бағдарламамен және аспаптық-вокалдық топтардың қойылымымен өз жалғасын тапты. Қонақтар ардагерлерге зор денсаулық пен амандық тіледі.
Павлодар облыстық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіподақ
ұйымының баспасөз қызметі