ТӨЛ МЕРЕКЕГЕ – ТОЛЫМДЫ ТАРТУ
10 қазан – Кәсіподақтар күніне орай Атырау облысының Құрметті азаматы, ҚСРО Халық мұғалімі, профессор Құсиын Айтқалиевқа арналған «Үздік педагогикалық қызметі үшін» төсбелгісіне үміткер мұғалімдердің құжаттарын саралайтын комиссия отырысы өтті.
Комиссия құрамында Атырау облыстық Білім беру басқармасы әдістемелік орталығының басшылары, педагогикалық колледж және жоғары оқу орындарының білікті оқытушы-ұстаздары, білім беру ісінің ардагерлері мен кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері болды.

Комиссияға қала мен аудандардан және облыстық білім беру ұйымдарынан 35 құжат келіп түсіп, қазылар алқасы 32 үміткердің құжаттарын лайықты деп тапты. Аталған марапат жуырда Махамбет ауданының Алға ауылында өтетін «Қалдырған ізің мәңгілік» атты жиында салтанатты түрде табыс етілетін болады.
Сондай-ақ, Атырау облысы білім беру жүйесіндегі көп жылғы жемісті де абыройлы еңбегі және салалық кәсіподақ ұйымына қосқан елеулі үлесі үшін кәсіподақ бюджетінен 100 бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшісіне 30 (отыз) мың теңге көлемінде ынталандыру сыйлығы берілмекші.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметі.