ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің жауапты қызметкерлері Мақат ауданында болып, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен кездесті. Кездесуде облыстық салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Қылышбай Сүндетұлы қысқаша сөз сөйлеп, ұйым жұмысына тоқталды.
Бұдан кейін сөз алған облыстық салалық кәсіподақ ұйымының заңгері Юлия Айбосынова «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері. Жазатайым оқиғаларды тергеу», ұйымның маманы Нұрсәуле Мусаева «Білім беру және кәсіподақ ұйымдарында іс жүргізу туралы» және бас есепші Алтын Тұяқпаева «Бастауыш кәсіподақ ұйымының қаржылық құжаттарын жүргізу туралы» тақырыбында баяндамалар жасады.
Жиын барысында тыңдаушылардан түскен сұрақтарға жауап беріліп, кәсіподақ көшбасшылары өз ара пікір алмасты.
Ұстаздар мерекесіне орай бір топ кәсіподақ ұйымының жетекшілеріне республикалық, облыстық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіпік одағының марапаттары мен ынталандыру сыйлықтары салтанатты түрде табыс етілді.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметі